Өлең сөздің дүлділі Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Өлең сөздің дүлділі Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл
11
қаңтар
2021

Өлең сөздің дүлділі Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл

      Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: