«Кітап оқуды насихаттау» (Жаңа кітаптар көрмесі) » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кітап оқуды насихаттау» (Жаңа кітаптар көрмесі)
05
сәуір
2021

«Кітап оқуды насихаттау» (Жаңа кітаптар көрмесі)


Алматы қаласы Наурызбай ауданы
«№188 мектеп-гимназия» кмм 
«Кітап оқуды насихаттау» (Жаңа кітаптар көрмесі)
    Кітап-адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді, дәл бір темір мен тастан қашалып жасалған ескерткіштердей, ғасырлар бойына сақталады.
    Көрменің мақсаты: кітап оқуды насихаттау, қоғамда оқуға деген қызығушылықты арттыру, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету. 
«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адамдар үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз.
    Кітапхана ішінде жаңа әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру, насихаттау, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында «Ой маржаны-кітап» атты жаңа әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. «Білімнің қайнар бұлағы», «Сиқырлы ғажайып әлем», «Балаларға базарлық» атты тақырыптардан құралған көрмеге тарихи және көркем әдеби кітаптар, балалардың ой-өрісін дамытатын түрлі-түсті суреттермен безендірілген кітапшалар, балаларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулитын өлең- тақпақтар, ертегілер, әңгімелер, балалардың тілін дамытатын жұмбақ- жаңылтпаштар, әртүрлі ойындар берілген кітапшалар мен танымдық әдебиеттер қойылды.
    Құрметті кітап сүйер қауым! Сіздерді «Кітап оқуды насихаттау» көрмесімен танысуға, кітап оқуға шақырамыз! Сіздер үшін кітапхана есігі әрдайым ашық.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: