Кітапхана қоры » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
қыркүйек
2020

Кітапхана қоры

Кітапхана қоры



1-11 сынып оқушылары 100 % оқулықпен қамтылды. Анықтама-библиографиялық каталогтар   жүйелендірілді. Мектептің кітапханасы бекітілген нұсқаулар мен кітапхана  ережелеріне сәйкес жұмыс істейді. Кітапхананың жұмыс жоспары мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес бірлесіп құрылды. Жыл сайын «Алматыкітап», «Атамұра», «Мектеп», «Жазушы», «Арман ПВ» баспаларынан шыққан жаңа буын оқулықтары қабылданып, көркем әдеби кітаптармен кітапхана қоры толықтырылып отырылды. Көркем әдеби кітаптардың барлығы инвентарлық кітапқа енгізіліп, есепке алынды. Кітапханалық қорды қосынды есепке алу кітабы бойынша көркем әдеби кітаптар, оқулықтар, электронды оқулықтар, дидактикалық және әдістемелік әдебиеттер  қосынды есепке енгізілді. Сонымен қатар тозығы жеткен көркем әдебиеттерді, мағынасы өзгерген оқулықтарды есептен шығару актілері жүргізілді. Биылғы жылы кітапхана қорына мұғалімдерге қосымша  көрнекі құралдар мен М.Әуезовтың «Путь Абая», «Абай жолы» томдар жинағы, С.Бегалиннің «Шоқан асуы», «Әлемнің жеті кереметі», «Тарихи тұлғалар», «Балалар энциклопедиялары», «Ертегілер», Б.Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа», т.б . әдеби кітаптар қосылды. Оқушылар мен  мұғалімдердің   сұраныстарын  толық қамтамасыз етуге мүмкіншілік туды. 


Кітапхана қызметкерінің сапалық құрамы

Кітапханашының тегі, аты, әкесінің аты

Туған жылы

Білімі

Еңбек өтілі

Осы мекемеде

санаты

1

Таранчиева Айкул Оразкуловна

05.10.

1964ж

жоғары

30 жыл

11 жыл

екінші

Мектеп кітапханасындағы оқулықтарды пайдалану ережелері бекітілді.

  1. Оқушылар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы бұйрығы №130 қаулысының 79 тармағын орындауында тегін оқулықтармен қамтамасыз етіледі. 
  2. Оқулықтар оқу жылының басында сынып жетекшілеріне (жаңадан келген оқушыларға – жыл бойында) тізімдеме бойынша әрбір оқушының міндетті қол қоюы арқылы, ал мұғалімдерге – пән мұғалімдеріне – лауазымдық міндеттеріне сәйкес беріледі. 
  3. 9, 11 сынып оқушылары оқулықтарын жеке тапсырады. 
  4. Оқу жылының соңында немесе мектептен кеткен жағдайда оқушылар оқулықтарын тапсыруға міндетті. 
  5. Оқулықтарды пайдалану мерзімі 4 жыл көлемінде бағдаршы болып есептеледі. 
  6. Бір сыныпта баспа жылдары әр түрлі оқулықтарды қолдануға рұқсат етіледі. 
  7. Оқушылар оқу әдебиеттеріне ұқыптылықпен қарауы керек. 
  8. Егер оқушы оқулықты бүлдірсе немесе жоғалтса, онда ол:

сондай оқулықты;

басқа оқулықты;

немесе құны мен мазмұны, қолданылуы тең әдеби кітапты (баспа мерзімі – 3 жылдан кем емес) ауыстырып әкелуге тиіс.

  1. Кітапханашы оқу жылы ішінде мектепті басқару органдарымен бірігіп, оқу әдебиеттерінің ұқыптылығын тексеруге құқылы.

Жалпы мектептің кітапханасы бірінші кезекте жетім балалар, мүгедек балалар, көп балалы отбасы, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларын оқулықпен толық қамтамасыз еткен. Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз етуге байланысты, жаңа оқу жылында тарату және оны оқу жылы соңында жинап алу туралы   комиссия құрылып, мектепте директорының бұйрығы шығарылған.

Оқушы саны – 1617

Оқырмандар саны – 1650

Кітапханаға  бір жыл көлемінде келушілер саны – 10600

Бір жыл көлеміндегі кітап берілімі – 21500

Кітапханаға   бірыңғай тіркеу бойынша:

оқырмандар саны – 1650

Оқырмандар құрамы:

1- 4 сынып оқушылары –   633

5 - 9 сынып оқушылары –   809

10 -11 сынып оқушылары   - 175

Мұғалімдер -  127, басқа оқырмандар – 15

Мектеп кітапханасына бюджеттен бөлінген қаржы есебінен:

2021 ж.- 130000т. бөлінді.Түрлі мерзімдік басылымдарға, оның ішінде «Егемен Қазақстан», «Алматы ақшамы»,  «Қазақстан мұғалімі»,  «Ұлан«Балдырған», «Мөлдір бұлақ» , «Өзін-өзі тану», «Айқын», «Қазақстан әйелдері», «Пожарный спасатель»,  «Жыл он екі ай» т.б. газет-журналдарға жаздырылған.

Кітапханада10 компьютер,  35 стеллаж, 10 оқырман столы, 23 орындықпен жабдықталған. Ақпараттық - коммуникациялық орталыққа қосылып, оқушылар интернет арқылы қажетті материалдарын пайдалана алады. Ол оқушылардың оқу үлгерімінің артуына тікелей әсер етеді. 

                   Кітапханада күн талабына сай тақырыптық сөрелер ұйымдастырылды.  «Ата   заң,    

азат елдің ар-намысы», «Тәуелсіздік және Елбасы», «2050-даму стратегиясы», «Менің отаным - Қазақстан»,  «Абай - дана, Абай – дара қазақта», «Қызыл, жасыл, сары!», «Ана тілі- қанатым»,   «Балғын балалар үшін», «Ұрпақтың – ұлы перзенттері», «Біздің алтын қорымыз», «Көне дәуір күмбірі», «ХХІ – ғасыр обасы», «Рәміздерім мақтанышым», «Қыз өссе – елдің көркі», «Табиғат – Ананы аялайық!», «Бақ-берекем, құт-мерекем, Әз Наурыз» атты кітап көрмелері ұйымдастырылып, әрбір ақын-жазушылардың даталы күндеріне көрме ұйымдастырылып, әңгіме-шолулар өткізіліп жыл бойы жұмыс істейді.   2015-2016 оқу жылында 1-сынып оқушыларына «ҚР президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың» сыйлық кітабы берілді. Биыл «Тәуелсіздігімізге 30 жыл», «Кітап сарқылмас қазына» атты  5-6 сынып оқушылары арасында оқырмандар конференциясын өткізді. «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби музыкалық  кешіне  1-11 сыныптың алғыр, белсенді оқушылары қатысты. «Жаса, жайна Тәуелсіз Қазақстан» атты 10-11 сыныптар арасында конференция өтті. «Ар-намысым, мақатанышым, қасіретім-Желтоқсан» атты 8- сынып оқушыларымен кездесу өткізді.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: