"Мектеп және мектептен тыс ортада психологиялық және физиологиялық зорлық-зомбылық» атты тақырыпта 9-10 сынып оқушыларымен онлайн-кездесу » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектеп және мектептен тыс ортада психологиялық және физиологиялық зорлық-зомбылық» атты тақырыпта 9-10 сынып оқушыларымен онлайн-кездесу
09
сәуір
2021

"Мектеп және мектептен тыс ортада психологиялық және физиологиялық зорлық-зомбылық» атты тақырыпта 9-10 сынып оқушыларымен онлайн-кездесу

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы

«№188 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

жасөспірімдер арасындағы зорлық - зомбылықты алдын алу мақсатында 

9-10 сынып оқушыларымен онлайн - кездесу өткені туралы


МӘЛІМЕТ

2021 жылдың 9 сәуір күні жоғарыда аталған мекемеде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Ж. Қоқымбаеваның ұйымдастыруымен«Мектеп және мектептен тыс ортада психологиялық және физиологиялық зорлық-зомбылық» атты тақырыпта 9-10 сынып оқушыларымен онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге Алматы қаласы Полиция Департаменті Есірткi  Қылмысына Қарсы Iс Қимыл Басқармасы жедел уәкіл полиция майоры Шманов Олжас Қайырбайұлы,жергілікті полиция қызметкері ювеналдық полиция бөлімі полиция капитаны Куттыбаев Кайрат Батырханұлы және мектеп педагог –психологі Сафарова Асель Маратовна қатысып, баяндама оқыды және бейнероликтер көрсетті. Оқушылар сұрақтарын қойып жауаптарын алды, мамандар тарапынан керегінше кеңестер берілді. Жалпы онлайн - кездесудің мақсаты:зорлық - зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы түсіндіру. Зорлық - зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Оқушыларымызды жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстатып, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: