“Атадан қалған асыл сөз” тақырыбында Наурызбай ауданы білім беру ұйымдарының арасында зияткерлік сайыс өткізілді. » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Атадан қалған асыл сөз” тақырыбында Наурызбай ауданы білім беру ұйымдарының арасында зияткерлік сайыс өткізілді.
15
мамыр
2021

“Атадан қалған асыл сөз” тақырыбында Наурызбай ауданы білім беру ұйымдарының арасында зияткерлік сайыс өткізілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай #188 мектеп-гимназиясында “Атадан қалған асыл сөз” тақырыбында Наурызбай ауданы білім беру ұйымдарының арасында зияткерлік сайыс өткізілді. Сайысқа 8-сынып оқушылары қатысты. Сайыстың мақсаты:
 Ата-бабамыздан асыл мұра болып қалған тілімізді, салт-дәстүрімізді, асыл сөздерді өскелең жас ұрпаққа мирас ету, дәстүр сабақтастығын ұғындыру.
Қазақ даласында өмір сүрген шешендердің асыл сөздерімен таныстыру,
Балалардың ойлау қабілетін дамыту, тіл байлығын, сөздік қорларын арттыру.
Жас ұрпақты сөз қадірін түсінуге, үлкеннің ақылын тыңдау парыз екенін ұғындыру.
Сайыс қорытындысы бойынша барлық оқушыларға жүлделі орындар тағайындалып, мақтау қағаздарымен марапатталды. 
Бас жүлде #186 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Мұстафа Жамиля
І орын #200 мектеп-гимназия Абылқасым Рамазан 
ІІ орын #176 мектеп-гимназия оқушысы Баймахан Айша 
ІІІ орын #174 мектеп-гимназия  Аманқұл Айару және #188 мектеп-гимназия Ғалымжанқызы Жаная

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: