02
маусым
2021
Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн"
2021 жылдың 1-12 маусым аралығында өткізілетін "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн" атты Ұлттық ақпараттық науқанға байланысты #188 мектеп-гимназиясында 8 "Г" сыныбымен сынып жетекші Төкен Мақпал Рахметуллақызы "Бала еңбегін пайдалануға қарсымыз" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Науқанды өткізудің негізгі мақсаты – қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата – аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.