12
қазан
2021
«Жасөспірімдер арасындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын-алу»
13 қазан күні №188 мектеп-гимназиясында 9-11 сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдер арасындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын-алу» тақырыбында, мектеп оқушыларының құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыра отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы баптарын біліп, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту,қабілеттерін шыңдау мақсатында мектеп инспекторы Тулеушов Самат Нагашбекович пен ДТІЖО Кокымбаева Меруерт Жамбылқызы профилактикалық жұмыс жүргізді. Іс - шара барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлері, қылмыстық жауапкершіліктің мерзімі жөнінде таныстырып өтті.