16
қазан
2021
“Директорлық сенбілік-ата-ана үні” тақырыбында қашықтан 9-10 сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді.
16.10.2021 күні, “№ 188 мектеп-гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Директорлық сенбілік-ата-ана үні” тақырыбында қашықтан 9-10 сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналыста
«Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы», «Мектеп және оқушы мен ата-ананың ынтымақтастық қырлары» тақырыптарындағы мәселелер қарастырылды.
Жиналыста ата-аналар тарапынан: 1. Ата-ана ретінде балаларымызға оқуда қалай көмектесе аламыз?2. Егер пандемиялық жағдайға байланысты қашықтықтан оқу болатын болса, біздің балаларымыздың оқудағы дайындығы қалай жүреді?3. 10 сынып ата-анасының сұрағы: ҰБТ-ға дайындықты балаларымыз қандай пәннен бастағаны жөн?,- деген сияқты сұрақтар көбірек қойылып, талқыланды.
#директорлықсенбі#188мектепгимназия —————————————————————“№ 188 мектеп-гимназия” әкімшілігі "Мектеп– Бала – Ата-ана" қарым-қатынасы мен өзара ықпалдасуына қатысты психологиялық- педагогикалық қолдау бойынша барлық толғандыратын мәселелерде ата-аналарға пәрменді көмек көрсету мақсатында аптаның әр сенбі күндері "Директорлық сенбі – ата-ана үні" онлайн-кездесуін өткізеді.