30
қазан
2021
«Өмірде бәрін мінсіз істеу мүмкін емес» атты тақырыбында мектебіміздің орта буын оқушыларына психологиялық кеңес
№188 мектеп-гимназиясында 04.10.2021 күні «Өмірде бәрін мінсіз істеу мүмкін емес» атты тақырыбында мектебіміздің орта буын оқушыларына психологиялық кеңес берілді. Психологиялық кеңестің мақсаты: оқушылардың өмірде бәрінің мінсіз болмайтындығын түсіндіру. Психологиялық кеңесті мектебіміздің педагог-психологы Каипбай Айнұр Еркінқызы жүргізді. Оқушылар мұқият тыңдап, өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды. Оқушылар тарапынан көптеген қызықты сұрақтар қойылды. Оқушылар белсенді қатысып, пікір алмасты. Орта буын оқушылары психологиялық қызықты тренингтар жиі жүргізуін сұрады. Сұрақтарына толыққанды жауап алған оқушылар риза болды. Психологиялық кеңе беру барысында оқушылардың сұрақ қоюларына байланысты өмірге деген көзқарасы мен құлшыныстары байқалады.