25
қазан
2021
“Тәуелсіздіктің мен үшін маңызы”
“Тәуелсіздіктің мен үшін маңызы”
Мен көгінде байрағы желбіреген тәуелсіз Қазақстанның азаматшасымын. Азияның кіндігінде орын тепкен, картадан ойып орын алған , ұлан-байтақ жердің иесі, «қазақ» деген ұлы халық перзентімін. Осындай ұлы халықтың ұланы болу бақытына мен қалай ие болдым?
«Тәуелсіздік» деген 11 әріптен тұратын сөздің мағынасы қандай терең, астары қандай кең десеңізші! Ол өлең, ол ән, ол сұлулық, ол асқақ арман, ол шалқыған дәулет, көркейген сәулет!
Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. Осындай бейбітшілік заманда #188 мектеп-гимназиясында қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып өскелең ұрпаққа ата-бабамыздан қанмен берілген өжеттік, қайсарлық сияқты қасиеттерді бойларына дарытудамы…