18
қараша
2021
«Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу»
№188 мектеп-гимназиясында 18.11.2021 күні «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 9-10 сынып оқушыларымен Алматы қаласы, Наурызбай ауданының Ішкі істер басқармасының кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі инспекторы Тулеушов Самат Нагашбекович әңгіме жүргізді.
Кездесудің мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Сонымен қатар, алдағы уақыттағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу бағытындағы жұмыстар нақтыланды.