“Веселый старт” тақырыбында іс-шара өтті.
#188 мектеп-гимназиясында Филология бірлестігінің онкүндігі аясында 9 сынып оқушыларымен орыс тілі және дене шынықтыру пәндерін байланыстыра отырып “Веселый старт” тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқушылар дене жаттығуларын жасап, топқа бөлініп жарысып, орыс тілінен қызықты тапсырмаларды орындады. Аталған іс-шараның мақсаты: 9 сынып оқушыларын салауатты өмір салтын ұстана отырып, тілдік деңгейлерін көтеру.