Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Өтепов Нұрлан Ырысқалиұлымен 'ЛОГИКА - барлық жеңістің кілті!' тақырыбында кездесу кеші өткізілді.
16
ақпан
2023

Өтепов Нұрлан Ырысқалиұлымен 'ЛОГИКА - барлық жеңістің кілті!' тақырыбында кездесу кеші өткізілді.

Алматы қаласы Наурызбай ауданы №188 мектеп-гимназиясында 8-сынып оқушыларына 2023 жылдың 16 ақпанында педагогика ғылымдарының магистрі, Жоғары санатты ұстаз, 'МАТЕМАТИКА-ЛОГИКА' кітабының 'Математика ОҢАЙ' курстарының авторы, 'BILIM.IQ' жобаларының авторы, Білім мотиваторы, Жас ғалым, 'BILIM.ONLINE' орталықтарының құрушысы Өтепов Нұрлан Ырысқалиұлымен 'ЛОГИКА - барлық жеңістің кілті!' тақырыбында кездесу кеші өткізілді.
Кездесу кешінде оқушылар күрделі есептерді логикамен жұмыс жасау арқылы оңай жолдармен шығару жолдарын үйренсе, жоғарғы сынып оқушылары емтихан уақыттарында және ҰБТ кезінде уақытты тиімді пайдалана
отырып, есептің жауабын тез таба алу мен қатесіз шығару жолдарынан «Математика-логика" кітабының авторы Нұрлан Ырысқалиұлынан тәжірибе алып, білімдерін толытыруға мүмкіндік алды. Сонымен қатар кездесу барысында автордың
оқулығы біраз оқушылар мен оқытушылардың кәдесіне жарап жатқандығына көз жеткіздік.Жас ұрпақты тәрбиелеу мен үздіксіз үздік білім беру ісінде өзінің үлесін қосып жүрген Өтепов Нұрлан Ырысқалиұлына алғысымызды бiлдiремiз!
@edu.almaty
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@akimat_nauryzbai_audany
@kusainova.s.a
@nurlan_otepov_bilim
#188мектепгимназия

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: