2019-2020 оқу жылы бойынша «Ғылыми-математика» пәндер бірлестігінің жұмысына талдау » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2019-2020 оқу жылы бойынша «Ғылыми-математика» пәндер бірлестігінің жұмысына талдау
25
мамыр
2020

2019-2020 оқу жылы бойынша «Ғылыми-математика» пәндер бірлестігінің жұмысына талдау

2019-2020 оқу жылы бойынша «Ғылыми-математика» пәндер бірлестігінің жұмысына талдау

        

2019-2020 оқу жылында ғылыми-математика әдістемелік бірлестігі «Қазіргі заман технология әдістемелерін қолдана отырып математика, физика, информатика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауатылығын, біліктілігін дамыту» әдіскерлік тақырыбы бойынша жұмыс атқарды.

Алға қойылған мақсат:

1. Оқушылардың физика, математика, информатика сабақтарына деген қызығушылығын ояту;

2. Сабақта жаңа технология әдістемелерін қолдана отырып, оқушының біліктілігін дамыту;

3. Математика, физика пәндері бойынша оқушыларды ҰБТ-ге сапалы дайындық жұмыстар жүргізу.

Осы мақсатта алға төмендегідей міндеттер қойылды:

1. Сабақта жаңа технологиялардың әдіс тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын көтеру;

2. Оқушыларды олимпиада, ғылыми жобаларға қатысуға дайындау;

3. Оқушылардың функцияналдық сауаттылығын арттыру;

4. Пәнге қызығушылығын ояту мақсатында түрлі интеллектуалды жарыс ойындарын ұйымдастыру.

Ғылыми-математика пәндер бірлестігінде 17 мұғалім бар. Жоғары білікті санаты бар мұғалімдер саны-4, бірінші біліктілік санаты-1, екінші біліктілік санаты-2, педагог-модератор-3, санаты жоқ мұғалімдер-7.   


2019-2020 жылындағы мұғалімдердің  жетістіктері:

1.Әбілдаева Толқын Әлібайқызы (математика пәнінің мұғалімі)

Өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар:

  1. Математика пәнінің онкүндігінде  5-сыныптар арасында «Талантыңмен таныл» атты сайыс өткізді.

Мадақтамалар:

  1. «Ustaz tilegi» Халықаралық Алгебра пәнінен ұстаздар арасында олимпиадасының   1 дәрежелі жеңімпазы. №Х-0047885
  2. «Ustaz tilegi» Халықаралық Геометрия пәнінен ұстаздар арасында олимпиадасының 1 дәрежелі жеңімпазы. №Х-0047929
  3. «Ustaz tilegi» Республикалық Математика пәнінен ұстаздар арасында олимпиадасының 1 дәрежелі жеңімпазы. №R-0047801
  4. «Ustaz tilegi» Халықаралық Геометрия пәнінен ұстаздар арасында олимпиадасының 1 дәрежелі жеңімпазы. №Х-0047854

Оқушы жетістігі:

  1. Rvo.kz сайтында математика пәнінен Виртуалды олимпиадасына қатысып II-орын иеленген  11«А» сынып оқушысы Ақжолтай Маржан


  1. Шекербекова Салтанат Абдірашитқызы (математика пәнінің мұғалімі)

Өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар:

  1. Бірлестік апталығында 8 «Ә» сыныбымен «Квадрат үшмүше» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
  2.  Мектепішілік семинарда 7 «Б» сыныбымен «Өрнектерді тепе-тең түрлендіру» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
  3. Бірлестіктің онкүндігінде  8-сыныптар арасында «Ғажайып математика» атты интеллектуалдық сайыс өткізді.

Мадақтамалар:

1.Аудандық пәндік олимпиадаға жүлдегер дайындағаны үшін білім бөлімінің Мақтау қағазымен марапатталды. 2019 жыл

2. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының призмасы арқылы «Бақытты отбасы» бағдарламасының оқу курсы бағдарламасы бойынша сынып жетекшілердің біліктілікті арттыру online курсын қашықтықтан оқығаны үшін сертификат берілді.

  Оқушы жетістігі:

  1. Аудандық олимпиададан II-орын иеленген  9«А» сынып оқушысы Ақжолтай Ерсұлтан
  2. Аудандық олимпиададан I-орын иеленген  10«А» сынып оқушысы Шади Аида
  3. «Alpha Academy» оқу орталығы 8-сынып оқушыларына арналған математика пәнінен онлайн-олимпиадаға қатысқаны үшін Есенәлі Алтынайға сертификат берілді.

      Баспа беттері:

  «Ақ желкен» журналынан  «Мейірімділік – жан шуағы» атты мақаласы шықты.


3. Байболатова Сая Женисовна (математика пәнінің мұғалімі)

Өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар:

  1. «Білімің ұшар қанатың» атты апталықта 6 «Е» сыныбымен «Рационал сандарға амалдар қолдану» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
  2. Мектепшілік семинарда  7 «В» сыныбымен «Құрамында квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру» тақырыбындағы ашық сабағын өткізді
  3. Математика пәнінің  онкүндігінде  7-сыныптар арасында «Математика ертегілер елінде» атты сайыс өткізді
  4. Сыныптан тыс “Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік”  6 Б,Е және 10 Ә,В сыныптар арасында тәрбие сағаты өткізді.

Мадақтамалар:

  1. «Ustaz tilegi» Республикалық Математика пәнінен ұстаздар арасында олимпиадасының III дәрежелі жеңімпазы. №R-0061056
  2. «Инклюзивті білім беру үрдісін әдістемелік қолдау» атты біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша курстан өткені туралы сертификат берілді.

Оқушы жетістігі: 

  1. Аудандық пәндік олимпиадасының II орын иегері 10 «Б» сынып оқушысы Идеятулла Аружан
  2. Аудандық пәндік олимпиадасының II орын иегері 10 «Б» сынып оқушысы Сакиева Жанель
  3.  «BilGen Alaman» олимпиадасының жүлдегері  6 «Е» сынып оқушысы Бауржан Асем
  4. «BilGen Alaman» олимпиадасының жүлдегері  6 «А» сынып оқушысы Тайжан Сырым

Баспа беттері:

  1. 16.05.2020 №MS-205214 Ұстаз тілегі – РҒӘ сайты «Екі өрнектің қосындысы мен айырымының квадраттарының формуласы»
  2. 16.05.2020 №MS-205229 Ұстаз тілегі – РҒӘ сайты «Квадрат үшмүше»
  3. 16.05.2020 №MS-205232 Ұстаз тілегі – РҒӘ сайты «Жиын ұғымы»
  4. 16.05.2020 №MS-205236 Ұстаз тілегі – РҒӘ сайты «Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану»
  5. 16.05.2020 №MS-205239 Ұстаз тілегі – РҒӘ сайты «Ондық бөлшекті бөлу»




4.Төкен Мақпал Рахметуллақызы (математика пәнінің мұғалімі)

Өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар:

  1. «Білімің ұшар қанатың» атты апталықта 6 «Г» сыныбымен «Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану  » тақырыбында ашық сабақ өткізді.
  2. Мектепшілік семинарда  8 «В» сыныбымен «Құрамында квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру» тақырыбындағы ашық сабағын өткізді
  3. Математика пәнінің  онкүндігінде  7-сыныптар арасында «Математика ертегілер елінде» атты сайыс өткізді
  4. 29.12.2019 күні «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» тақырыбында коучинг өткізді.

Мадақтамалар:

  1. «Мұғалімдер күні» кәсіптік мерекесіне орай жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігі, жоғары көрсеткіштері және ауданның білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталады 
  2. Республикалық Математика пәнінен ұстаздар арасындағы олимпиада. 

І дәрежелі диплом. 05.05.2020 №-R-0045031 Ұстаз тілегі – РҒӘО

Оқушы жетістігі:

  1. «Ой-сана» республикалық қашықтық олимпиадасынан ІІ дәрежелі диплом иеленген 6 «Г» сынып оқушысы Ермұрат Жансая
  2. Кенгуру олимпиадасынан  III дәрежелі диплом иеленген 8 «В» сынып оқушысы Сәкен Мадина
  3. Кенгуру олимпиадасынан  III дәрежелі диплом иеленген 7 «Г» сынып оқушысы Сепбаева Алия
  4. «Всероссийская итоговая олимпиада по Математике»  III дәрежелі диплом иеленген Кәрімбай Дархан

Баспа беттері:

  1. 05.05.2020 №MS-196690 Ұстаз тілегі – РҒӘ сайты «Құрамында квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру»

      2. 05.05.2020 №MS-196695 Ұстаз тілегі – РҒӘ сайты «Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану»


5. Алдашова Айнура Жанибекқызы (математика пәнінің мұғалімі)

Өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар:

  1. «Білімің ұшар қанатың» атты апталықта 9 «Б» сыныбымен «Косинустар теоремасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
  2. Математика пәнінің онкүндігінде  9-сыныптар арасында «Математикалық марафон» атты сайыс өткізді.

Мадақтамалар:

  1. «Ustaz tilegi» Республикалық Математика пәнінен ұстаздар арасында олимпиадасының II дәрежелі жеңімпазы. №R-0059914
  2. «Rvo.kz» сайты мұғалімдер арасында ұйымдастырылған «Математика» пәнінен Республикалық Виртуалды олимпиадасының I дәрежелі жеңімпазы. № – 10028246

Оқушы жетістігі:

1. «Ustaz tilegi» Алматы облысы бойынша 5 сыныптар арасында өткізілген олимпиададан I дәрежелі жеңімпазы 5 «Е» сынып оқушысы Сансызбай Даут.

 №R-0060236

2. Кенгуру олимпиадасынан 1-орын иеленген  5 «Е» сынып оқушысы Абдугапар Нұрдаулет.

  1. Кенгуру олимпиадасынан 3-орын иеленген  5 «Е» сынып оқушысы Қырман Мұханбет.
  2. Кенгуру олимпиадасынан 3-орын иеленген  9 «Б» сынып оқушысы Қуат Нұрқамал.
  3. Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша 3 орын жүлдегері           8 «Г»Альмухамет Умай.
  4. Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша 3 орын жүлдегері           8 «Г»Альмухамет Бексұлтан.

Баспа беттері:

16.05.2020 №MS-205114 Ұстаз тілегі – РҒӘ сайты «кездейсоқ оқиғалар. Ықтималдақтар теориясының негізгі теоремалары»



6. Тәжібай Арыстанбек Кунтуұлы (математика пәнінің мұғалімі)

Өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар:

  1. Аудандық жас мамандар сайысында 6 «В» сыныбымен «Екі өрнектің қосындысы мен айырымының квадраты» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
  2. Жас мамандар  апталығында 6 «В» сыныбымен «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
  3. Математика пәнінің онкүндігінде   6-сыныптар арасында «Математика және спорт» атты сайыс өткізді.

Мадақтамалар:

  1. Аудандық жас мамандар сайысында жүлделі ІІ орын иеленді. 2020 жыл 


7. Сағидуллина Ақмоншақ Жақсығалиқызы (математика пәнінің мұғалімі)

Өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар:

  1. «Білімің ұшар қанатың» атты апталықта 5 «В» сыныбымен «Жай өлшектерді және аралас сандарды көбейту. Өзара кері сандар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
  2.  Жас мамандар   апталығында 5 «В» сыныбымен «Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшеке айналдыру» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

3. Мектепішілік семинарда 5 «В» сыныбымен «Ондық бөлшектерді  10; 100; 1000; ... және 0,1; 0,01; 0,001; ... сандарына  көбейту және бөлу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

4. Математика пәнінің онкүндігінде  5-сыныптар арасында «Талантыңмен таныл» атты сайыс өткізді.

Мадақтамалар:

  1. Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп педагогтар біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған I Республикалық “Кемеңгер ұстаз” олимпиадасының II дәрежелі жүлдегері.
  2. www.edulife.kz Республикалық қашықтық олимпиада сайты Математика пәнінен ұйымдастырылған онлайн олимпиадаға қатысқанын растайды. №А-0014508 

Оқушы жетістігі:

  1.  “Dream school” мектебінде оқушылар арасында өткен математикалық олимпиадада 

3-орынға ие болған 5 «Б» сынып оқушысы Бижан Ғибадат


8. Сабырбаев Сұлтанбек Толатович  (математика пәнінің мұғалімі)

Өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар:

  1. «Білімің ұшар қанатың» атты апталықта 9 «В» сыныбымен «Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
  2. Жас мамандар  апталығында 9 «В» сыныбымен «Тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

3. Математика пәнінің онкүндігінде  9-сыныптар арасында «Математикалық марафон» атты сайыс өткізді.

Мадақтамалар:

  1. IELTS 6.5 сертификат. 07.11.2019



9. Мадиярова Камшат Муратовна (физика пәнінің мұғалімі)

Өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар:

  1. «Шығармашылық ізденіс-шеберлік шыңының баспалдағы» атты апталықта 11«А» сыныбымен «Салыстырмалылық принципі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
  2. Мектепішілік семинарда 10 «А» сыныбымен «Газдарды техникада қолдану» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Мадақтамалар:

  1. Аудандық олимпиадаға жоғарғы деңгейде оқушы дайындағаны үшін білім бөлімінің Мақтау қағазымен марапатталды

Оқушы жетістігі:

  1. Аудандық олимпиададан 2-орын иеленген 11«А» сынып оқушысы Кадиркулов А
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 9-11 сынып оқушыларына арналған онлайн олимпиадасынан физика пәнінен II орын иеленген 10 «А» сынып оқушысы Бердалы Лейла.
  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 9-11 сынып оқушыларына арналған онлайн олимпиадасынан физика пәнінен III орын иеленген 11 «Б» сынып оқушысы Кунтуре Жігер.

Баспа беттері:

  1. “Физикадан деңгейлік есептерді шешу жолдары” оқу әдістемелік құралы жарыққа шықты.


10. Муқаева Айнур (физика пәнінің мұғалімі)

Өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар:

  1. «Шығармашылық ізденіс-шеберлік шыңының баспалдағы» атты апталықта 7«Д» сыныбымен «Қатынас ыдыстар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
  2. Жас мамандар апталығында 8 «В» сыныбымен «Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
  3. «МИФ» апталығында сыныптан тыс 9 сыныптар арасында «Физика мейрамханасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Мадақтамалар:

1КИО-республикалық қашықтық олимпиадасы - 3 орын;

2. I Республикалық  «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасы – 2 орын;

3. Республикалық   «Педагогика және психология» пәні олимпиадасы (Qaztest.kz) – 

1 орын; 

4. Rvo.kz сайты мұғалімдер арасында ұйымдастырған «Физика» пәнінен Республикалық Виртуалды Олимпиада – 1 орын;

5. IV Республикалық   «Үздік жас маман» олимпиадасы (Qaztest.kz) – 2 орын;

6. II Республикалық  «Үздік педагог» олимпиадасы (Qaztest.kz) – 2 орын;

7. Халықаралық   Физика пәнінен ұстаздар арасында олимпиада (Qaztest.kz)  – 2 орын.

Оқушы жетістігі:

  1. Аудандық олимпиададан 2-орын иеленген 9 «Б» сынып оқушысы 
  2. Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша 3 орын жүлдегері           8 «Г»Альмухамет Умай.
  3. Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша 3 орын жүлдегері           8 «Г»Альмухамет Бексұлтан.


11. Насырова Бибіхан Сериковна (физика пәнінің мұғалімі)

Өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар:

  1. «Шығармашылық ізденіс-шеберлік шыңының баспалдағы» атты апталықта 10«Б» сыныбымен « Жылу қозғалтқыштар.ПӘК.Карно цикл» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
  2. Мектепішілік семинарда 10 «Ә» сыныбымен «Өткізгіштерді аралас жалғау» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
  3. Жас мамандар апталығында 8 «Б» сыныбымен «Кулон заңы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Оқушы жетістігі:

  1. Аудандық олимпиададан 2-орын иеленген 9«В» сынып оқушысы Сүлеймен Мұқағали  
  2. Аудандық олимпиададан 1-орын иеленген 10«Б» сынып оқушысы Тажимбетова Мехрибон


12. Нурмухан Гүлмарал (информатика пәнінің мұғалімі)

Өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар:

  1. 6 «Ә» сыныбымен «Ойынды дыбыспен сүйемелдеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді
  2.  Бірлестік апталығында 6 «Б» сыныбымен «Векторлық кескіндерді құру» тақырыбында ашық сабақ өткізді
  3. Бірлестіктің онкүндігінде   6 «Ә,Б»,  5 «А,Ә» сыныптарымен «Инфобілгірлер» тақырыбында  сыныптар тыс сайыс сабақ өткізді.

Мадақтамалар:

1. «Алматы қаласы күні» орай  Наурызбай ауданы әкімінің Грамотасы, 2019ж

2. Дарын республикалық ғылыми –практикалық орталығы, грамота (2019ж)

3. Құрмет грамотасы, Ustaz tilegi (2019 ж) 

4. Сертификат (орта білім мазмұнын жаңарту) (2019ж.)

5. Информатика пәні бойынша мұғалімдерге арналған КІО Республикалық қашықтық олимпиада І орын. №01804329-29Г3

Оқушы жетістігі:

1. «RVO.kz»  сайтында оқушылар арасында ұйымдастырған «Информатика» пәнінен Республикалық Виртуалды олимпиада І дәрежелі диплом, Амирбек Марғұлан. № - 10025940

2. «USTAZ TILEGI» республикалық оқушылар арасында информатика пәнінен ІІ дәрежелі диплом , Тұрғанбек Толғанай. №0045500


13. Ибраимова Динагуль Сламжановна (информатика пәнінің мұғалімі)

Өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар:

1. Бірлестік апталығында 6 «А» сыныбымен «Векторлық бейнелерді құру» тақырыбында ашық сабақ өткізді

2. Бірлестіктің онкүндігінде 7 «А» және 7 «Б» сыныптарымен «Информатика дарабозы» тақырыбында сыныптан тыс сайыс сабақ өткізді.

3. “Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өміріңнің қас жауы” тақырыбында  6 «В» сыныбына тәрбие сағаты өткізілді.

Мадақтамалар:

1. «Ustaz tilegi» Республикалық «Информатика» блиц-турнирінің 2 дәрежелі дипломымен марапатталды;

2. Ustaz tilegi» Республикалық «Информатика» блиц-турнирінің 3 дәрежелі дипломымен марапатталды; 

3. Сертификат Ustaz tilegi ұстаздар сайтында авторлық материал жариялағаны үшін, «Векторлық бейнелерді құру»;

3. Ustaz tilegi республикалық ұстаздар сайтында авторлық материал жариялағаны үшін, «Сахна мен кейіпкерлерді бейнелеу»;

4. Қашықтықтан олимпиада   ИнфоСабақ ұстаздар сайтында авторлық материал жариялағаны үшін, «Вирусқа қарсы қауіпсіздік»;

5. Сертификат Ziatker.kz  ұстаздар сайтында авторлық материал жариялағаны үшін, «ақпраратты өлшеу, компьютерлік жады»;

Оқушы жетістігі:

1. Республикалық жасөспірімдер  олимпиадасыннан 2-орын  иеленген 8 «Б» сынып 


14. Ибраева Балжан Тургазыевна (информатика пәнінің мұғалімі)

Өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар:

1. Бірлестік апталығында 5 «Е» сыныбымен «Алгоритм ұғымы. Алгоритм түрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді

2. Бірлестіктің онкүндігінде 4 «А» және 4 «Ә» сыныптарымен «Информатикалық пирамида» тақырыбында сыныптан тыс сайыс сабақ өткізді.

Мадақтамалар:

1. «www.nio.kz» Республикалық Ұлттық Олимпиадасына информатика пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпидаға қатысқаны үшін;

2. «www.nio.kz» Республикалық Ұлттық Олимпиадасына информатика пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпидаға оқушыны қатыстырғаны үшін;

3. Мұғалімдер күніне орай Наурызбай ауданы білім бөлімінің басшысынан громата;

4. Республикалық «Информатика» Блиц турнирінің 3 орын жеңімпазы диплом;

5. Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған I Республикалық “Кемеңгер ұстаз” олимпиадасына қатысқандығын растайтын сертификат;

6. Ustaz tilegi республикалық ұстаздар сайтында авторлық материал жариялағаны үшін Алғыс хат;

7. Сертификат Ustaz tilegi республикалық ұстаздар сайтында авторлық материал жариялағаны үшін, «Сыныптан тыс ашық сабақ» № MS-193555;

8. Сертификат Ustaz tilegi республикалық ұстаздар сайтында авторлық материал жариялағаны үшін, «Scratch  программалау ортасы» № MS-193565;

9. Сертификат “kopilka.urokov.ru” ұстаздар сайтында авторлық материал жариялағаны үшін, «Алгоритм ұғымы.Алгоритм түрлері» № 549406;

10. Сертификат “Videouroki”  ұстаздар сайтында авторлық материал жариялағаны үшін, «Жобаға дыбыс әсерлерін қосу» № 99752401;





15. Хамитова Арайлым (информатика пәнінің мұғалімі)

Өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар:

  1. Бірлестіктің онкүндігінде 6 «Ә» мен 5 «А» сыныптарымен «Инфобілгірлер» тақырыбында сыныптан тыс сайыс сабақ өткізілді.

Мадақтамалар:

1. Ustaz tilegi республикалық ұстаздар сайты Алғыс хаты, № ZH-0095541;

  1. «NIO» Републикалық   Ұлттық Интернет Олимпиада сайты Сертификат  

      № D-17809444/2020 ;

Баспа беттері:

1. «Ustaz tilegi» республикалық ұстаздар сайтында «Программалық жабдықтама» тақырыбындағы мақаласы жарияланды. №МS - 201682;

2. «Ustaz tilegi» республикалық ұстаздар сайтында «Кіріктірілген функциялар» тақырыбындағы мақаласы жарияланды. №МS - 201718;

  1. «Ustaz tilegi» республикалық ұстаздар сайтында «Деректер базасының негізгі   ұғымдары» тақырыбындағы мақаласы жарияланды. №МS - 201727;

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: