№188 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен Наурызбай ауданы Білім беру ұйымдарының жас мамандары арасында «Жеті ата, жеті ұрпақ» тақырыбында ұлттық дәстүрлерді насихаттау бағытында интеллектуалдық сайыс өткізілді » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №188 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен Наурызбай ауданы Білім беру ұйымдарының жас мамандары арасында «Жеті ата, жеті ұрпақ» тақырыбында ұлттық дәстүрлерді насихаттау бағытында интеллектуалдық сайыс өткізілді
16
наурыз
2022

№188 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен Наурызбай ауданы Білім беру ұйымдарының жас мамандары арасында «Жеті ата, жеті ұрпақ» тақырыбында ұлттық дәстүрлерді насихаттау бағытында интеллектуалдық сайыс өткізілді



     Ұлыстың ұлы күні - ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн.. Наурыздың 22 – інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Осы орайда,қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу, қастерлеу мақсатында №188 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен Наурызбай ауданы Білім беру ұйымдарының жас мамандары арасында «Жеті ата, жеті ұрпақ» тақырыбында ұлттық дәстүрлерді насихаттау бағытында интеллектуалдық сайыс өткізілді.Сайысқа Наурызбай ауданының жас ұстаздары қатысты.
Аталмыш сайыс 4 кезеңнен тұрды:
І кезең Асықтан асыл ұрпақ,
ІІ кезең Көненің көзі, асылдың сынығы
ІІІ кезең. Сыр сандық
ІV кезең «Өнер сайысы
     Әр кезеңде топтарға сәйкесінше алдын ала салт-дәстүрлер (атап айтсақ, беташар, тұсау кесер, қыз ұзату, неке қию, бесікке салу, қырқынан шығару, құдалық т.б) бөлініп берілді, сол бөлінген дәстүрлер бойынша 5 минуттық көрініс көрсетті.
Кезеңдер бойынша топ мүшелері қазақ тарихына, этнографиялық, шешендік өнеріне байланысты сұрақтарға жауап беріп, фильмдерден үзінділерді, тарихи тұлғаларды анықтап, қазақ халқының сан ғасырлық мәдениетінің үлгілерімен етене таныс болды.
Сайыс нәтижесі бойынша І орынды №176 МГ, ІІ орынды №192 ЖББМ, ІІІ орынды №200 МГ иеленды, ал қалған қатысушы топтар түрлі номинациялармен марапатталды.
Жүлделі орындарға ие болған барлық білім беру ұйымдарын құттықтап, 22 наурыз Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: