Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Менің-сүйікті кітабым” тақырыбы аясында 6в сынып оқушыларымен кітапханаға саяхат жасады.
29
қараша
2022
“Менің-сүйікті кітабым” тақырыбы аясында 6в сынып оқушыларымен
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген Кітап ақылды қуаттандыратын құрал.Бүгін оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында “Менің-сүйікті кітабым” тақырыбы аясында 6в сынып оқушыларымен
4 д сыныбымен "Табиғат аса көркем, Қазақстан туған өлкем" атты іс-шара ұйымдастырылды.
21
қараша
2022
4 д сыныбымен "Табиғат аса көркем, Қазақстан туған өлкем" атты
№188 мектеп-гимназиясының экоұйым жетекшісі Жақыпақын Шынар, 4 "Д" сынып жас экологтары және сынып жетекшісі Сейітқазы Ақбота мектеп кітапханасында "Табиғат аса көркем, Қазақстан туған өлкем" атты іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты: Шара барысында табиғатқа өз үйіндей қарап, оны аялаған адамның да қоршаған аясы әдемі болатындығын түсіндіру. Оқушыларды қоршаған орта туралы түрлі кітаптармен таныстырып, туған өлке туралы мәлімет беру. "Таза болса табиғат, аман болар адамзат".@edu.almaty
10 Б сынып оқушыларымен "Ұрпағына рух берген - Мұхтар Шаханов" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді
17
қараша
2022
10 Б сынып оқушыларымен "Ұрпағына рух берген - Мұхтар Шаханов"
Көрнекті қаламгер, Қазақстанның халық жазушысы, Қырғыз Республикасының халық ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың туғанына 80 жыл толып отыр. Осыған орай #188 мектеп-гимназиясының 10 Б сынып оқушыларымен "Ұрпағына рух берген - Мұхтар Шаханов" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Сынып жетекшісі Наметова Айнур Муратбековна. @edu.almaty @otdel_obrazovaniya_nauryzbay [media=https://youtube.com/shorts/zyrdsdce7AE?feature=share]
"Елім деп туған ер қымбат, атадан қалған жер қымбат" атауымен жас жазба ақындар мүшәйрасы өтті.
21
қазан
2022
"Елім деп туған ер қымбат, атадан қалған жер қымбат" атауымен жас
"Қазақ жерім-Тәуелсіз елім" іс-шарасы аясында Республика күніне орай білім ордамызда "Елім деп туған ер қымбат, атадан қалған жер қымбат" атауымен жас жазба ақындар мүшәйрасы өтті. Жыр әлеміне қанат қаққан жас жүректердің ең басты ізгі тілегі-тәуелсіз, бейбіт, әділетті, адал елдікке ұмтылған халықты рухтандыру, тәуелсіздіктің әр күні ғасырдан да ұзақ сәт екенін ұғындыру.Ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері:Қасымбеков Ә.Қ. Тұрсын Е. Қ. @otdel_obrazovaniya_nauryzbay
10 “Ә”сынып оқушылары қатысып,жазушының “Интернат наны”атты әңгімесіне қойылым қойды.
19
қазан
2022
10 “Ә”сынып оқушылары қатысып,жазушының “Интернат наны”атты
Бүгін 19.10.2022 жылы №188 мектеп-гимназиясының кітапханасында кітапхана қызметкерлері Таранчиева А және Рахымбаева М-дің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай іс-шара өтті. Мақсаты: Оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыру.Іс-шараға 10 “Ә”сынып оқушылары қатысып,жазушының “Интернат наны”атты әңгімесіне қойылым қойды. [media=https://youtube.com/shorts/cDwqnPi3ZQ4?feature=share]