Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2024-2025 оқу жылында жалпы білім беру қорынан ыстық тамақпен қамтамасыз ету Анықтама
18
наурыз
2025

2024-2025 оқу жылында жалпы білім беру қорынан ыстық тамақпен қамтамасыз ету Анықтама

АНЫҚТАМА


  2024-2025 оқу жылында жалпы білім беру қорынан бастауыш сынып оқушылары толығымен 678 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, 5-11 сынып оқушылары арасындағы мемлекеттік атаулы   көмекті алуға құқығы бар, сондай-ақ мемлекеттік атаулы көмекті алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс шамасынан төмен отбасылардан шыққан оқушылары мен тәрбиеленушілерге, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып қалған, төтенше жағдай салдарынан шұғыл көмек көрсетуге зәру отбасы балаларына, білім беру ұйымының алқалы  органы анықтайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын 38 оқушы бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр.

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелерінің құрамы асхана мен ас блогының   санитарлық  жағдайын және балалардың тамақтануының ұйымдастырылуын тексерді. Сонымен қатар:

    1.  Балалардың тамақтануы үшін жағдай жасау раковиналардың, кептіргіштің  болуы   және тазалық  жағдайы, сабынның болуы.

    2.Тамақтану залының санитарлық жағдайы және эстетикалық безендірілуін

    3.Білім алушылардың ауыз су режимін сақтау.

    4.Дайын тағамның шығуы,күнделікті менюге сәйкес келуі мен өлшемі.

    5.Тоңазытқыш жабдықтарында температуралық режимнің сақталуын.

    6.Ас блогы қызметкерлерінің жеке іс қағазы мен медициналық   кітапшаларын тексерді.

Асхана санитарлық нормаға сай, қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған «Дұрыс тамақтану» бұрышы безендірілген, қажетті құрылғылармен жабдықталған.
  Сондай - ақ мектеп асханасындағы азық- түліктердің сапасын және ас мәзірінің дәмдік сапасын бақылауына бракераж комиссия мүшелері құрылған. Бракераж комиссия мүшелері азық-түліктердің сапасын тексеріп қабылдайды және тамақтың сапасын, санитарлық талаптарға сай болуын қадағалайды. Тексеріс барысында анықталғаны асханадағы азық-түліктердің сақталу мерзімін растайтын сертификатары бар. Мектепте тамақтандыру бойынша күнделікті меню бекітіліп,жас ерекшеліктеріне сәйкес нормасы дұрыс беріліп отыр. Оқушылар белгіленген уақыт кестесі бойынша тамақтанып отыр. Асханада мектеп әкімшілігінен және мұғалімдерден кезекшілік құралған. Ас блогы және асхана іші тазалығы сақталған. Күнделікті меню мектеп саитына ілініп отыр. 

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелерінің құрамы:

  • Жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын
  • Тағамдардыың дайындалу технологиясын
  • Өнімдердің және дайын тағамдардың сақталуын
  • Өнім сертификаттарын
  • Асхана қызметкерлерінің арнайы киімдерінің болуын және медициналық тексерістен өткендігін
  • Бракеражды журналдың күнделікті толтырылуын тексерді.


  Тексеріс барысындағы қорытынды: Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайы талапқа сай. Тағамдардың нормасы ас мәзірінің құрылуына сәйкес.Ескертулер мен ұсыныстар болған жоқ

                                                                                         Әлеуметтік педагог: Әлімғазиева Ә.Д

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: