Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
4 д сыныбымен "Табиғат аса көркем, Қазақстан туған өлкем" атты іс-шара ұйымдастырылды.
21
қараша
2022
4 д сыныбымен "Табиғат аса көркем, Қазақстан туған өлкем" атты
№188 мектеп-гимназиясының экоұйым жетекшісі Жақыпақын Шынар, 4 "Д" сынып жас экологтары және сынып жетекшісі Сейітқазы Ақбота мектеп кітапханасында "Табиғат аса көркем, Қазақстан туған өлкем" атты іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты: Шара барысында табиғатқа өз үйіндей қарап, оны аялаған адамның да қоршаған аясы әдемі болатындығын түсіндіру. Оқушыларды қоршаған орта туралы түрлі кітаптармен таныстырып, туған өлке туралы мәлімет беру. "Таза болса табиғат, аман болар адамзат".@edu.almaty
10 Б сынып оқушыларымен "Ұрпағына рух берген - Мұхтар Шаханов" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді
17
қараша
2022
10 Б сынып оқушыларымен "Ұрпағына рух берген - Мұхтар Шаханов"
Көрнекті қаламгер, Қазақстанның халық жазушысы, Қырғыз Республикасының халық ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың туғанына 80 жыл толып отыр. Осыған орай #188 мектеп-гимназиясының 10 Б сынып оқушыларымен "Ұрпағына рух берген - Мұхтар Шаханов" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Сынып жетекшісі Наметова Айнур Муратбековна. @edu.almaty @otdel_obrazovaniya_nauryzbay [media=https://youtube.com/shorts/zyrdsdce7AE?feature=share]
“Мен - көшбасшымын!” атты білім беру ұйымдарының мектеп және студенттер парламенттері көшбасшыларының қалалық слеті өтілді
12
қараша
2022
“Мен - көшбасшымын!” атты білім беру ұйымдарының мектеп және
Алматы қаласы білім басқармасының “Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Мен - көшбасшымын!” атты білім беру ұйымдарының мектеп және студенттер парламенттері көшбасшыларының қалалық слеті өтілді. Жалпықалалық слетке мектебіміздің Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері Кендірбекқызы Мерей және Тұрғымбек Сезім қатысты. Баяндамаларын оқып, өздерінің табысты тәжірибе әлеуметтік жобасын қорғады. Нәтижесінде, ұйым мүшелері сертификаттармен,
"Елім деп туған ер қымбат, атадан қалған жер қымбат" атауымен жас жазба ақындар мүшәйрасы өтті.
21
қазан
2022
"Елім деп туған ер қымбат, атадан қалған жер қымбат" атауымен жас
"Қазақ жерім-Тәуелсіз елім" іс-шарасы аясында Республика күніне орай білім ордамызда "Елім деп туған ер қымбат, атадан қалған жер қымбат" атауымен жас жазба ақындар мүшәйрасы өтті. Жыр әлеміне қанат қаққан жас жүректердің ең басты ізгі тілегі-тәуелсіз, бейбіт, әділетті, адал елдікке ұмтылған халықты рухтандыру, тәуелсіздіктің әр күні ғасырдан да ұзақ сәт екенін ұғындыру.Ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері:Қасымбеков Ә.Қ. Тұрсын Е. Қ. @otdel_obrazovaniya_nauryzbay
10 “Ә”сынып оқушылары қатысып,жазушының “Интернат наны”атты әңгімесіне қойылым қойды.
19
қазан
2022
10 “Ә”сынып оқушылары қатысып,жазушының “Интернат наны”атты
Бүгін 19.10.2022 жылы №188 мектеп-гимназиясының кітапханасында кітапхана қызметкерлері Таранчиева А және Рахымбаева М-дің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай іс-шара өтті. Мақсаты: Оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыру.Іс-шараға 10 “Ә”сынып оқушылары қатысып,жазушының “Интернат наны”атты әңгімесіне қойылым қойды. [media=https://youtube.com/shorts/cDwqnPi3ZQ4?feature=share]
10 “Ә” сынып оқушысы Сағатбек Әділ және 11 “А” сынып оқушысы Төлжан Ерасыл мараппаталады
23
қыркүйек
2022
10 “Ә” сынып оқушысы Сағатбек Әділ және 11 “А” сынып оқушысы Төлжан
22.09.2022 күні Халықаралық нашақорлық және заң орталығы.Американың есірткіге қарсы қауымдастық коалицияларының маңызды тұжырымдамалары бойынша гибридтік оқу лагерін сәтті аяқтағаны үшін (1жыл) 10 “Ә” сынып оқушысы Сағатбек Әділ және 11 “А” сынып оқушысы Төлжан Ерасыл мараппаталады
“Алматы қаласы күні” мерекесіне орай спорттық ойындарды дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында білім мекемелерінің оушылары арасында өткізілген асық ату жарысында ІІ орын
19
қыркүйек
2022
“Алматы қаласы күні” мерекесіне орай спорттық ойындарды дамыту,
“Алматы қаласы күні” мерекесіне орай спорттық ойындарды дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында білім мекемелерінің оушылары арасында өткізілген асық ату жарысында 9”ә” сынып оқушылары Абликим Нуржан және Берікұлы Санжар II орынға ие болғаны үшін марапатталды
“Алматының алмасы-ай” атты алмадан әр түрлі мүсін жасау байқауында #188 мектеп-гимназия “Алтын қамба” номинациясымен марапатталды
19
қыркүйек
2022
“Алматының алмасы-ай” атты алмадан әр түрлі мүсін жасау байқауында
“Алматы қаласы күні” мерекесіне орай білім мекемелері арасында ұйымдастырылған “Алматының алмасы-ай” атты алмадан әр түрлі мүсін жасау байқауында #188 мектеп-гимназия “Алтын қамба” номинациясымен марапатталды
Құттықтаймыз!!! Футболдан 1 Орын
13
қыркүйек
2022
Құттықтаймыз!!! Футболдан 1 Орын
Футболдан Наурызбай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен №192 мектепте ауданымыздың мектептерінің пән мұғалімдері арасында турнир өтті, нәтижесінде 1-орынға арналған кубокты №188 мектеп-гимназияның жігіттері қанжығаларына байлады. Турнирдің үздік қақпашысы деп мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Кушкаров Руслан атанса, үздік қорғаушы номинациясы Төреқұлов Бақытжан ағайға берілді. Жеңісті күндеріміз көп болсын!