Дәрумендердің пайдасы » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
қаңтар
2024

Дәрумендердің пайдасы


А дәрумені көздің көру процесіне қатысады. Бұл дәруменнің өсіп-өну және зат алмасу үшін маңызы өте зор. Соңғы деректерге қарағанда ағзаға бір тәулікте бұл дәруменнен 1,5 мг керек екен. В1 дәрумені ашытқы, бауыр, сәбіз, сүт, саңырауқұлақ құрамында көп кездеседі. Күнделікті тағамда бұл дәрумен жеткіліксіз болса, көбінесе жүйке жүйесі зақымданады, сондықтан тәулігіне 2-3 мг В1 дәрумені қажет. В2 дәрумені ашытқы, бауыр, жұмыртқа, сүт, ірімшік, қара нан, ет, балық, көкөністерде кездеседі. Бұл дәрумен әр жасушаның өсіп-жетілуіне әсер етеді. Ол жетіспесе адам жүдеп, шаршап, ерні, өкшесі жарылып, көздің көруі нашарлап, жарыққа қарай алмай көзі жасаурайды. Терінің сыртқы қабаты түлегіш келеді. Салқын кезде және ыстықта адам ағзасына оның қажеттілігі одан сайын арта түседі.  Оның күнделікті мөлшерінің 2,5-3 мг болғаны абзал.

Дәрумендердің В тобына бұл аталғандардан басқа В6, В12 түрлері де жатады. Олардың да өзіндік әсерлері бар.В6 жетіспесе, қан азайып, тамаққа тәбеті шаппай, ашуланшақ, ұйқышыл, кейде бет, мойын терісі қабынып, кейде қояншық ауруына тап болады. Бұл дәрумен жануарлар мен өсімдіктерде өте көп. Әсіресе, ашытқы, бидай, бауыр, ет, бүйрек, жұмыртқа, күріш жармасында кездеседі. Ересек адам оны күніне 1,5-2 мл шамасында керек етеді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: