05
желтоқсан
2022
"Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубына қабылдау рәсімі өтті.
05.12.2022 күні №188 мектеп-гимназиясында "Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубына қабылдау рәсімі өтті."Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубының мақсаты:
Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын нығайту, білім және мәдени деңгейін арттыру.
"Адал Ұрпақ" еріктілер клубының міндеттері:
Рухани адамгершілік және азаматтық патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру, саяси-құқықтық білімді қалыптастыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру.
Еріктілер қатарына 5-11 сынып аралығында 510 оқушы қабылданды.
"Адал Ұрпақ" еріктілер қатарына қабылдап, төсбелгі тағу рәсімі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қоқымбаева Меруерт Жамбылқызына берілді.
#188мектепгимназия
#Алматықаласы
#Наурызбайауданы
#05.12.2022
