«БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮРЕГІН ЖЫЛЫТАЙЫҚ» акциясына Наурызбай ауданының педагог-психологтары да белсене қатысты. » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮРЕГІН ЖЫЛЫТАЙЫҚ» акциясына Наурызбай ауданының педагог-психологтары да белсене қатысты.
23
желтоқсан
2022

«БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮРЕГІН ЖЫЛЫТАЙЫҚ» акциясына Наурызбай ауданының педагог-психологтары да белсене қатысты.

Адам өмірі, оның ішкі жан дүниесінің әсемділігі, адам психологиясының қалыптасуы, адамзат қоғамының өркендеп гүлденуі ең алдымен білімнің даму деңгейіне байланысты. Білім беру орындарында психологтың бүгінгі таңда атқарып отырған жұмысы сан алуан. Ұстаздар қауымының сенімді тірегі, көмекшісі, сондай-ақ білімге ұмтылған әр баланың ішкі жан дүниесін түсініп, олардың танымдық деңгейлерінің дамуына бірден-бір ықпалын тигізіп, оларды өмірге психологиялық жағынан дайындайтын - мектеп психологтары. Мұның өзі мектеп психологының жұмысы бүгінгі таңда мектепке, балаға, мұғалімге, ата-аналар үшін қажет екендігінің дәлелі екенін көруге болады.
Осы орайда, Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының «Психологиялық сүйемелдеу» бөлімінің балалар жылы және 25-желтоқсан психологтар күніне байланысты ұйымдастырылған «БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮРЕГІН ЖЫЛЫТАЙЫҚ» акциясына Наурызбай ауданының педагог-психологтары да белсене қатысты. Акция барысында «Мейірімді болса жүрек - орындалар тілек» тақырыбында педагог-психологтардың ұйымдастыруымен №15 санаториялық мектеп-интернат оқушыларына материалдық көмек көрсетілді. Сондай-ақ 22.12.2022ж күні ауданымыздың мектептерінің оқушыларынан «Сен үшін психолог кім?» сұрағы қойылып, оқушылардың жауабы тыңдалды. «Жылы сөз - жан жылытады» демекші №176 мектеп-гимназияда ауданның педагог-психологтары ата-аналарға психологиялық кеңес беру мақсатында ашық есік күнін өткізді. Сонымен қатар, психологтарды кәсіби мерекелерімен құттықтау мақсатында №200 мектеп-гимназия педагог-психологтары «Психологтың бір жұмыс күні» тақырыбында бейнеролик дайындады.
#kopd_mp_rk
#edu.almaty
#psihologi_almaty_2022
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: