Қымбатты ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Мінекей, 2021-2022 кезекті оқу жылы да басталу алдында. » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қымбатты ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Мінекей, 2021-2022 кезекті оқу жылы да басталу алдында.
16
тамыз
2021

Қымбатты ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Мінекей, 2021-2022 кезекті оқу жылы да басталу алдында.

Қымбатты ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!


Мінекей, 2021-2022 кезекті оқу жылы да басталу алдында. Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбиенің алтын бесігі мектеппен тікелей байланысты.

Өткен оқу жылы әлемді жайлаған эпидемиялогиялық жағдайларға қарамастан, алға қойылған міндеттердің нақты іске айналып, жетістіктерге жеткен табысты жыл болды деп есептейміз. Сонымен қатар жаңа оқу жылын баршамыз асыға күтудеміз. Биылғы жаңа оқу жылының  бір ерекшелігі - мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндердің қадамы тәуелсіздігіміздің 30 жылдық торқалы тойына тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – есте қаларлық жағдай! Кішкентай балапандарымыздың талабы оң, қадамы құтты болсын! Мектепке алғаш қадам   басқалы отырған бүлдіршіндерімізбен мектеп қабырғасында қауышамыз деп үміттенеміз. Барша шәкірттерімізбен бірге дәстүрлі оқуға оралсақ деген үлкен арманымыз бар.

Еліміздің өркендеуі мен мектеп абыройының асқақ болуына бірлесе жұмыс жасау мақсатында жаңа оқу жылына алынған міндеттердің ішінде ата-анамен жұмыс деңгейін жаңа сатыға көтеру мәселесі қойылып отыр. Бұл бағытта танымы мен тағылымы мол шараларды көптеп өткізуді жоспарлап отырмыз. Ата-анамен бірлескен жұмыс жолға қойылмай, тәрбиені ілгерілету мүмкін емесі анық. Қазіргі кезеңде оқушылардың арасында құқық бұзушылық жайттардың жиі кездесуі, әртүрлі діни ағымдардың жетегінде кетіп, еркінен айрылуы, біздің менталитетімізге жат теріс еліктегіш қасиеттердің бой көрсетуі белең алып келеді. Бұл тұста әрбір педагог, әрбір ата-ана, психолог тарапынан бірлескен тұрақты жұмысты жедел түрде қолға алуымыз қажет. Себебі бүгінгі жас буын – еліміздің келешегі, ертеңі. Сондықтан олардың бойына болашаққа деген сенімді, оптимистік көзқарасты ұялату - баршамыздың парызымыз. Мектеп басшысы ретінде ата-аналардан алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға байланысты қандай да сауалдарыңыз бен бөлісер ойларыңыз болса мектеп сайтына, мектептің әлеуметтік желілеріне жолдауларыңызды сұраймын. Біз сіздермен әрдайым байланыста болып, сұрақтарыңызға жауап беріп, ұсыныс пен талаптарыңызды қабылдауға дайынбыз.

Абай атамыз: «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деген екен. Сондықтан бүгінгі жастар ілім-білім жинауға асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел кәдесіне жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтары болуы қажет. Осы жолда 188 мектеп-гимназия ұжымы қажымай, талмай еңбек етуге, оқушыларға сапалы білім беру мен саналы тәрбие беруге әрқашан дайын! Жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жағымды жаңалықтарға толы болады деген сенімдеміз! Еліміз аман, деніміз сау болсын!



Құрметпен:

Алматы қаласы 

188 мектеп-гимназия директоры Базаркүл Мауленқызы

mektep188_ 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: