16
қаңтар
2023
«Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 9-10-11 сынып қыздарымен Алматы қаласы, Наурызбай ауданының ЖҚПБ ЮПБ инспекторы полиция аға лейтенанты Қаби Абылай Ғалымұлы әңгіме жүргізді.
№188 мектеп-гимназиясында 16.01.2023 күні «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 9-10-11 сынып қыздарымен Алматы қаласы, Наурызбай ауданының ЖҚПБ ЮПБ инспекторы полиция аға лейтенанты Қаби Абылай Ғалымұлы әңгіме жүргізді. Кездесу барысында әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін әлімжеттік, кемсітушілік зорлық-зомбылық көрсету оның қаншалықты зиян екендігін түсіндірді. Сонымен қатар, халықтық тәлім-тәрбие негізінде қазіргі қазақ қыздарының бойында жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсете отырып сыпайылыққа, қыздарды сыйлауға, әсемділікке, көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу туралы ойларымен бөлісті. Оқушылар сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді.Кездесудің мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Сонымен қатар, алдағы уақыттағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу бағытындағы жұмыстар нақтыланды.
@edu.almaty
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@akimat_nauryzbai_audany
#188мектепгимназия