25
қаңтар
2023
«Токсикомания» тақырыбында оқушылармен кездесу өткізді.

№188 мектеп-гимназиясында 23.01.2023 жылы Наурызбай ауданы әкімшілігімен бірлесе отырып, №26 емхананың психолог маманы Б.Имамбекова және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Кокымбаева «Токсикомания» тақырыбында оқушылармен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға бейімділігін арттыру, есірткіні және психотроптық заттарды пайдаланудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Кездесу барысында нарколог маман оқушыларға нашақорлықтың алдың алу, темекі шегу, ішімдіктің зияны туралы толық мағлұмат берді. Оқушылар психолог маманына бірқатар сұрақтар қойып, жауап алды. «Нашақорлық-қауіпті дерт» атты бейнефильм көрсетілді. Сонымен қатар, оқушылар келген мамандарға сұрақтар қойып, жауаптар алды. Лекцияға 89 оқушы қатысты.
@edu.almaty
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay #188мектепгимназия
@edu.almaty
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay #188мектепгимназия