2023-2024 оқу жылында 1-сынып оқушыларының ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған ақпарат » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023-2024 оқу жылында 1-сынып оқушыларының ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған ақпарат
13
наурыз
2023

2023-2024 оқу жылында 1-сынып оқушыларының ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған ақпарат

2023-2024 оқу жылында 1-сынып оқушыларының 

ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған ақпарат


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітіліп, 2020 жылғы 24 маусымдағы №264 бұйрығымен өзгеріс, толықтырулар енгізілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес

9-2 тармақ.Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау

bilimalmaty.kz және egov.kz

порталы арқылы

ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 

1 тамызына дейін жүзеге асырылады.


Сұрақтар бойынша мына телефон нөміріне хабарласу қажет: 

297 – 08 -54 (директордың қабылдау бөлмесі)


Жоғарыда аталған бұйрыққа 1-қосымша негізінде мына құжаттарды ұсыну қажет:

1. Осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес өтініш;
 2. 
Туу туралы куәліктің көшірмесі;

 3. Жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі;

4. Денсаулық жағдайы туралы анықтама ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген №063/у нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген №026/у-3 нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген));

5. Баланың 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi - 2 дана

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: