№188 мектеп-гимназияда Наурызбай ауданының 10 жыл толуымен тұспа-тұс келген мерекеде мектептің спорт алаңы ашылды. » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №188 мектеп-гимназияда Наурызбай ауданының 10 жыл толуымен тұспа-тұс келген мерекеде мектептің спорт алаңы ашылды.
01
сәуір
2024

№188 мектеп-гимназияда Наурызбай ауданының 10 жыл толуымен тұспа-тұс келген мерекеде мектептің спорт алаңы ашылды.

2024 жылдың  1 сәуірде №188 мектеп-гимназияда Наурызбай ауданының 10 жыл толуымен   тұспа-тұс келген мерекеде мектептің спорт алаңы ашылды. 
     Спорт алаңының ашылуына: Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Нысаналиев Мирас Нұрланұлы,          
Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының директоры-Елемесов Бақтияр Асқарұлы,
«Білімді ел» газетінің бас редакторы-Түркістанова Ләззат Мақсұтқызы,
Мектебіміздің ата-анасы, белгілі ақын, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері- Ақберен Елгезек және Елгезек Дина, Наурызбай аудандық білім бөлімінің басшысы Кусаинова Салтанат Амангельдиевна оқушыларды құттықтап, олардан үлкен үміт күтетінін атап өтті.
 Сонымен қатар, Тайбокстан– ең жас әлем чемпионы атанған, ММА әлем чемпипионы, Қазақстанның 10 дүркін чемпионы - Серік Әли, ММА әлем чемпионы, Қазақстанның 8 дүркін чемпионы- Маратхан Рахат және Оспан Нұрсұлтан – жекпе-жектен әлем чемпионы, Азия чемпионы, Қазақстанның 3 дүркін чемпиондары арнайы қонақ болып келіп қуанышты күнді бізбен бірге бөлісе отырып, ақ тілектерін білдірді.
 Жалпы көлемі 3200 шаршы метрді құрайтын алаңда  баскетбол, волейбол, футбол, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, бесасық, асық ату, жеңіл атлетика және тағы да басқа спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, өткізілді. 
Сондай-ақ волейболдан өткізілген жарысқа  Алатау  жарық компаниясы, Достық командасы, Алға командалары қонақ ретінде келіп жарысқа қатысты.
Спорт -өмір. Спорт – қозғалыс. Спортты серік еткен баланың денсаулығы мықты, сана-сезімі сергек болары сөзсіз.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: