Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “АДАЛ АЗАМАТ” бағдарламасы аясында «Музыка пәнінде жасанды интеллектіні қолдану арқылы оқушылардың креативтілігін арттыру» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.
28
қараша
2025

“АДАЛ АЗАМАТ” бағдарламасы аясында «Музыка пәнінде жасанды интеллектіні қолдану арқылы оқушылардың креативтілігін арттыру» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.

https://youtube.com/shorts/zX0Gu5utS5E?feature=share
​​​
✨ 28 қараша 2025 жылы №188 мектеп-гимназиясында Наурызбай ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес “АДАЛ АЗАМАТ” бағдарламасы аясында «Музыка пәнінде жасанды интеллектіні қолдану арқылы оқушылардың креативтілігін арттыру» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті. 🎶🤖✨ Алматы қаласының 50-ге жуық музыка пәні мұғалімі қатысып, ЖИ-ді музыка сабағында қолданудың заманауи тәсілдерімен танысты. 📌 Семинардың мақсаты: жасанды интеллект құралдары арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және музыка пәні мұғалімдерінің цифрлық құзыреттілігін арттыру. Кіріспе бөлімде • Наурызбай ауданы Білім бөлімі тәрбие бөлімінің әдіскері И.Дуйсебекова, • №188 мектеп-гимназиясының директоры Б.Мауленова қатысушыларға семинар мақсатын таныстырды. Г.С.Чайзаданова және Ж.Ш.Маханбетова музыка пәнін цифрландыру бойынша ұсынымдар ұсынды. 🎼 Шеберлік сағаттары: • Музыка тыңдау және талдау – К.Тойғанбаева • Заманауи технологиялар – Э.Кишкенебаева • Сергіту сәтінде ЖИ – Л.Оразбаева • Цифрлық қосымшалар – А.Нугманов 🌟 Үздік тәжірибе алаңы: Musik Lab, Song Maker, жаңа әуен генераторлары және ноталық конструкторларды қолдану бойынша жұмыс үлгілері ұсынылды: Л.Кабдолдаева, Л.Алибекова, Б.Курсабаева. 💬 Кері байланыс барысында мұғалімдер тәжірибе алмасып, сұрақтарына жауап алды. 🎓 Қорытынды: Семинар педагогтерге ЖИ-ді музыкалық білім беруде қолданудың тиімді әдістерін меңгеруге мүмкіндік берді және музыка пәніндегі инновациялық бағыттардың дамуына серпін берді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: