АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2021

АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ


188 мектеп-гимназиясында «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны тарихи оқиғаларға толы тұста өтті. Қазақ халқының сан жылдар армандаған, ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздігімізге – 30 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай бүгінгі алғашқы қоңырау салтанатты жиынымызды Тәуелсіздіктің 30-жылдығы құрметіне арнап «Тәуелсіздік жетістіктері» деп аталды.
Биылғы жаңа оқу жылы да атаулы оқиғаларға толы болады.
• Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл
• Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл
• Ыбырай Алтынсаринның туғанына 180 жыл
• Жамбыл Жабаевтың 175 жыл
• Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл
• Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл
• Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл
• Ахмет Байтұрсыновқа 150 жыл
• Ақселеу Сейдімбектің туғанына 80 жыл

Ендеше, осындай айтулы оқиғалар қарсаңында мектеп табалдырығын аттағалы отырған, 1-сынып оқушыларын қабылдады.
Биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі – А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» пәнінің қайтарылуы. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге салтанатты түрде «Әліппе» оқулықтарын 11-сынып оқушылары табыстады.
Жаңа оқу жылының басталуымен #188 мектеп-гимназиясының ұстаздары мен оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: