ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! «Директорлық сенбі - ата-ана үні» » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! «Директорлық сенбі - ата-ана үні»
18
қыркүйек
2021

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! «Директорлық сенбі - ата-ана үні»

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!


Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы Білім басқармасының 2021 жылғы 08 ақпандағы №03-1/86  хаты және «№188 мектеп-гимназия» КММ-нің 2021 жылғы 01 қыркүйегіндегі  №01-06/241 бұйрығы негізінде гимназияда «Директорлық сенбі - ата-ана үні» онлайн-кездесулерін өткізу туралы шешім қабылданды.

Онлайн-кездесулердің мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесі және құқық бұзу әрекеттерінің алдын алуға қатысты толғандыратын мәселелер бойынша, сондай-ақ «мектеп-бала-ата-ана» үш тағанының қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдауға қатысты барлық мәселелер бойынша ата-аналарға пәрменді көмек көрсету

Күтілетін нәтиже: онлайн-кездесулер тәрбие жұмысы деңгейін арттыруға, үйлесімді дамыған, салауатты өмір салтын ұстануға мүдделі әрі өмірлік ұстанымы белсенді бала тұлғасын қалыптастыру процесіне ата-аналарды тартуға септесуі тиіс.


2021 жылғы 04 қыркүйегінен бастап әр апта сайын сенбі күндері сағат 

1000-ден 1400-ге дейін «№188 мектеп-гимназия» КММ директоры мен Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің қоғамдық қабылдауы жұмыс істейтін болады. 



Ата-аналармен онлайн-кездесуге мына тұлғалар қатысады:

«№188 мектеп-гимназия» КММ директоры – Мауленова Б.М.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары – Кокымбаева М, Нариманова Б.

Гимназия психологтары – Нормова М., Кайпбай А.

Әлеуметтік педагог – Нурмухан Г

Мектеп инспекторы – Әсенов М.

5-11 сынып жетекшілері

«№188 мектеп-гимназия» КММ Қамқоршылық кеңесінің мүшелері



*Конференцияға кіру сілтемесі сынып жетекшілерінің чатына жолданатын болады

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: