5"А"сыныбында "Қош келдің, әз-Наурыз!" тақырыбында тәрбие сағаты
Ұлыстың ұлы күні Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс-берекенің арқауы, тек адамзаттың ғана емес, табиғаттың да жаңарып, бой түзейтін шағы. Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, төрт түлік төлдеп, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз елімізде зор ықыласпен тойланады. Бүгін Наурыз мерекесінің бастамасы ретінде 5"А"сыныбында "Қош келдің, әз-Наурыз!" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.