“Балалар кітапханасы” жобасы аясында өткен кездесу кеші
🔹Мектептерге кездесуге жиі барамын. Кездесуден бұрын оқушылар мен ұстаздар алдын-ала кітап алдырып, оқып шығады. Кітаптан алған әсермен көзі жарқырап отырған оқырманмен кездескен қандай ғанибет! Ондай оқырманмен талқылайтын, сөйлесіп, әңгімелесетін тақырыбың ортақ. Сол себепті кездесу де жоғары деңгейде өтетіні сөзсіз. ♦️Бұл жолы сондай кездесу Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, 188 мектеп-гимназияда өтті. Кездесуді Наурызбай аудандық білім бөлімінің басшысы, әдебиет пен кітаптың жанашыры, өзі де