Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бастауыш сыныптарда инновациялық технологияларды қолдану әдістері»
02
ақпан
2021

«Бастауыш сыныптарда инновациялық технологияларды қолдану әдістері»

 Бастауыш сыныптар бірлестігінің   01.02. - 05.02 аралығында «Бастауыш сыныптарда инновациялық технологияларды қолдану әдістері» тақырыбындағы апталық өткізілді.  1 «А» сынып жетекшісі Ерденова Райсан Олжақызы сабақты белгіленген уақытта бастады. Ұстаз сабақты ZOOM  платформасымен жүргізді. Сабаққа сыныптың 25 оқушысы толық  және 6 мұғалім қатысты. Оқушылар мектеп формасымен әдемі болып отырды. Сабақ барысы слайд-презентациямен ұсынылды. Алдымен өткен материалдар қайталанды, содан кейін жаңа сабақ түсіндірілді.Жауап беру барысында оқушылардың бұл платформамен жұмыс істеуде біршама төселіп қалғаны байқалды. Жаңа сабақты түсіндіру мақсатында түрлі әдіс- тәсілдер көрсетілді, мысалы: «Топтастыру», «Миға шабуыл», «Түсіп қалған әріпті тап», «Балық аулау». Жұмбақтар жасырылды, сергіту сәті жүргізілді. Мазмұнды сурет бойынша жетекші сұрақтар арқылы мәтін құралды, мәтіннің негізгі ойы анықталды. Жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріліп, олармен дыбыстық талдау жүргізілді. Дәптермен жазба жұмысты ұсынар алдында көркем, көлбеу жазудың шарттары еске түсірілді. Мұғалім тарапынан уақыт тиімді пайдаланылды. Қатысқан мұғалімдер сабақ жайлы жоғары пікір білдіріп, сабақтың өте жақсы өткенін айтты.  Сабақ мақсаты орындалды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: