«Халық ауыз әдебиеті -тәрбиенің басты құралы» » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Халық ауыз әдебиеті -тәрбиенің басты құралы»
03
наурыз
2021

«Халық ауыз әдебиеті -тәрбиенің басты құралы»

     «№188 мектеп-гимназия» КММ-нің   02.03.-12.03.2021 аралығында өткен бастауыш сыныптар арасында «Халық ауыз әдебиеті -тәрбиенің басты құралы»  тақырыбында онкүндік өтті.  2«Б» сыныпта Адилбекова Шырай Тастемировна «Ата–баба дәстүрі–әдептілік негізі» тақырыбында  ашық   сабақ  өтті. ZOOM платформасы қолданылды. 19 оқушы қатысты. Сабақ  барысы  психологиялық   ахуалмен  басталды. Слайдтар өте   жақсы әзірленген. Оқушылардың  тәртібі өте жақсы, осы платформаға төселген. Сюжетті суреттер арқылы қазақтың   салт-дәстүрі «Сүйінші», «Базарлық», «Көрімдік», «Бесік жырына» тоқталып  өтті. «Қазақы тыйымдар мен ырымдар» кезеңінде «Ұрпақ үшін тыйым сөздердің пайдасы бар ма?» Сендер   қандай тыйым сөздер мен ырымдар білесіңдер?-деп оқушылардан сұрақ -жауап  алынды. Ұлттық ойын түрлеріне тоқталып  өтті. Сабақ   соңында «Сауалнама құрастыр»  әдісі бойынша бір –бірінен сауалнама алды. Қатысқан мұғалімдер сабақ жайлы  өте жақсы  пікір білдіріп, сабақтың   өте жақсы   деңгейде өткенін айтты. Сабақ   мақсатына   жетті.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: