07
қыркүйек
2021
Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі



Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі" атты биылғы жолдауын ағымдағы жылдың алтыншы қыркүйегінде #188 мектеп-гимназиямыздың тарих пәні мұғалімі Сүндетов Нұрдәулет өз ұжымы алдында талдап өтті. Нұрдәулет Саматұлы Президент жолдауының үшінші бөлімінде көрсетілген "сапалы білім беру" бөліміне кеңінен тоқталып, ел президентінің жолдауына қолдау білдіру керектігін тілге тиек етті. Еліміздің өркендеуіне бағытталған әр түрлі реформалармен танысқан мектебіміздің өзге де ұстаздары өз ойларымен бөлісіп, жолдауға қолдау білдірді