18
қыркүйек
2021
"Директорлық сенбі ата-ана үні"
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Еститін мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы Білім басқармасының 2021 жылғы 08 ақпанындағы №03-1/86 хаты және "№188 мектеп-гимназия"КММ-нің 2021 жылғы 1 қыркүйегіндегі №01-06/241 бұйрығы негізінде гимназияда "Директорлық сенбі-ата-ана үні" онлайн кездесулерін өткізу биылғы 2021-2022 оқу жылында да жалғасын табуда. Онлайн кездесудің мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесі және құқық бұзушылық әрекеттерінің алдын алуға қатысты толғандыратын мәселелер бойвнша, сондай-ақ "мектеп-бала-ата-ана" үш тағанының қарым-қатынасы, балаларды психологиялық қолдау, сонымен қатар, ата-аналарға пәрменді көмек көрсету.