Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналарға мектепте өткізілетін нашақорлықтың алдын алу жұмыстары көрсетілді.
13
қараша
2021

Ата-аналарға мектепте өткізілетін нашақорлықтың алдын алу жұмыстары көрсетілді.





13.11.2021 күні #188 мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Мауленова мектеп медбикесі А.Қиықбаймен бірлесе отырып 8-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізді. Ата-аналар жиналысы барысында «Маскүнемдік, нашақорлық және уытқорлықтың патофизиологиялық негіздері» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Бұл жиналыста нашақорлықтың маңызды мәселелері қаралды:
- нашақорлықтың фазалары;
- есірткінің кең тараған түрлері (токсикомания, алкоголизм, шылым шегу – никотин, гашишты пайдалану, кендір майды қолдану, опиаттарды пайдалану (героин, морфин), коки өнімдерін (кокаин), жасанды препараттарды қолдану – ЛСД, экстази). Ата-аналармен есірткіге тәуелді болатын кейбір себептерін талқыладық. Ол –психологиялық, әлеуметтік және т.б. себептер болуы мүмкін. Ерекше токсикоманияға көңіл бөлінді, себебі бұл түрмен кез келген жасөспірім өзінің әуестігін қанағаттандыру мақсатында шұғылдануы мүмкін. Сондай – ақ, көптің арасынан көзге түсіп қалмай және өзін осы бағытта қанағаттандыру үшін жеңіл дүкеннен тұрмыстық химия өнімін сатып алып та көруге болады. Сонымен қатар, есірткінің адам баласына бірнеше сатыда әр белгілер арқылы көрінуін талқыладық. Мысалы, көтеріңкі көңілдің болуы, жағымды босаңдықтың сезiмiне түсе бастау, бейқамдықтың сезiмi болады, көңілденгісі, күлкісі келеді. Улы заттардың әсері бірнеше сағатқа созылады. Улы заттардың әсерінен кейін дел-салдық, басыңқылық, шаршағандық белгілері пайда болады.
Кез келген химиялық улы заттарды пайдаланудың соңы адам ағзасының жұмысын бұзып, бірнеше жылдан кейін мида қайтымсыз процестер басталады да, аяғы деменцияға әкеліп соғады. Ата-аналарға мектепте өткізілетін нашақорлықтың алдын алу жұмыстары көрсетілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: