Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «№188 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ДТІЖО М.Кокымбаева мектеп медбикесі А.Қиықбаймен бірлесе отырып 9-11 сынып оқушыларымен «Адам организміне есірткі әсерінің зияндылығы және нашақорлықтың алдын-алу» тақырыбында әңгіме жүргізді
10
желтоқсан
2021

«№188 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ДТІЖО М.Кокымбаева мектеп медбикесі А.Қиықбаймен бірлесе отырып 9-11 сынып оқушыларымен «Адам организміне есірткі әсерінің зияндылығы және нашақорлықтың алдын-алу» тақырыбында әңгіме жүргізді



10.12.2021күні «№188 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ДТІЖО М.Кокымбаева мектеп медбикесі А.Қиықбаймен бірлесе отырып 9-11 сынып оқушыларымен «Адам организміне есірткі әсерінің зияндылығы және нашақорлықтың алдын-алу» тақырыбында әңгіме жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға нашақорлықтың фазалары, есірткінің кең тараған түрлері (токсикомания, алкоголизм, шылым шегу – никотин, гашишты пайдалану, кендір майды қолдану, опиаттарды пайдалану (героин, морфин), коки өнімдерін (кокаин), жасанды препараттарды қолдану – ЛСД, экстази), есірткінің адам ағзасына қаншалықты зиян екені баяндалды. Оқушылармен есірткіге тәуелділіктің неден пайда болатыныны талқыланды. Ол –психологиялық, әлеуметтік және т.б. себептер болуы мүмкін. Ерекше токсикоманияға көңіл бөлінді, себебі бұл түрмен кез келген жасөспірім өзінің әуестігін қанағаттандыру мақсатында шұғылдануы мүмкін. Сондай – ақ, көптің арасынан көзге түсіп қалмай және өзін осы бағытта қанағаттандыру үшін жеңіл дүкеннен тұрмыстық химия өнімін сатып алып та көруге болады. Сонымен қатар, есірткінің адам баласына бірнеше сатыда әртүрлі белгілер арқылы көрінуі талқыланды. Мысалы, көтеріңкі көңілдің болуы, жағымды босаңдықтың сезiмiне түсе бастау, бейқамдықтың сезiмi болады, көңілденгісі, күлкісі келеді. Улы заттардың әсері бірнеше сағатқа созылады. Улы заттардың әсерінен кейін дел-салдық, басыңқылық, шаршағандық белгілері пайда болады.
Кез келген химиялық улы заттарды пайдаланудың соңы адам ағзасының жұмысын бұзып, бірнеше жылдан кейін мида қайтымсыз процестер басталады да, аяғы деменцияға әкеліп соғады. Оқушыларға мектепте өткізілетін нашақорлықтың алдын алу жұмыстары көрсетілді. Сондай-ақ «Нашақорлыққа салынған жасөспірімдер» тақырыбындағы бейнероликтер көрсетіліп, еркін түрде әңгіме жүргізілді.
@edu.almaty

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: