2021 жылдың 20 желтоқсанында мектебіміздің директоры Б.Мауленова мен ДТІЖО М.Кокымбаеваның қатысуымен 11-сынып қыздары арасында "Үлгілі отбасының қыздары " атты жиналыс өтті. » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021 жылдың 20 желтоқсанында мектебіміздің директоры Б.Мауленова мен ДТІЖО М.Кокымбаеваның қатысуымен 11-сынып қыздары арасында "Үлгілі отбасының қыздары " атты жиналыс өтті.
25
желтоқсан
2021

2021 жылдың 20 желтоқсанында мектебіміздің директоры Б.Мауленова мен ДТІЖО М.Кокымбаеваның қатысуымен 11-сынып қыздары арасында "Үлгілі отбасының қыздары " атты жиналыс өтті.


 Қыз бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ. Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді.Қыз баланы тәрбиелеу-ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта жақсы жар, ардақты ана болары хақ. Осыған байланысты «№188 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың 20 желтоқсанында мектебіміздің директоры Б.Мауленова мен ДТІЖО М.Кокымбаеваның қатысуымен 11-сынып қыздары арасында "Үлгілі отбасының қыздары " атты жиналыс өтті. Жиналысты директор Б. Мауленованың өзі ашты. Қыз балаларға тағылымы мол көрсетілген видеороликтер бүгінгі таңдағы өзекті мәселеге түрткі болды. Жиналыс барысында 11-сынып қыздары мектепте оқитын қыздар қандай болуы керектігі жайында өз ойларын білдірді. Сынып жетекшілер арасынан М.Есимбаева да қазақ қыздарының бойында ұяңдық ,сыпайылық пен мәдениеттілік болу керектігін айта келіп,"Қызға қырық үйден тыю" мәтелінің мән -мағынасы ашып көрсетті. Жиналыс барысында ДТІЖО М.Кокымбаева қыз баласы ұлт болашағы екенін, қыз балалардың аналарымен ашық әңгімелесуін баса айтты. Болашағы жарқын болу үшін білімді, мәдениетті инабатты ,ибалы қыз боп өсулеріне тілек білдірді. Жиын соңында мектеп психологы М.Нормова қыздармен тренинг өткізді. Қараңғы үйге келіп шам жақсаңыз,шам үйді жарық қылады демекші,жиналыстан әрбір қыз баласы өз жүректеріне шамның кішкене болса да жылуы мен қылауын ала кетті деп ойлаймыз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: