"Ағылшын тілін онлайн оқытуға арналған үздік тәсілдер жинағы" атты әдістемелік құрал жазып шықты » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-08-54.
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Ағылшын тілін онлайн оқытуға арналған үздік тәсілдер жинағы" атты әдістемелік құрал жазып шықты
27
сәуір
2021

"Ағылшын тілін онлайн оқытуға арналған үздік тәсілдер жинағы" атты әдістемелік құрал жазып шықты

         
Онлайн оқыту жүйесі бұрынан қолданыста болса да, біздің елімізде үлкен сұранысқа ие болмаған. Сол себепті де шығар пандемия біз үшін қашықтан оқыту жаңалығымен бірге келді. Бұл өз кезегінде ұстаз бен шәкірт арасындағы үйреншікті қарым-қатынасына, дәстүрлі білім беру форматына ықпалын тигізді.
⠀Осы себептерді негізге ала отырып, #188 мектеп-гимназиясының  ағылшын тілі пәні мұғалімі Бекова Айнур Калиевна қашықтан сабақ беруде мектеп мұғалімдеріне ағылшын тілі сабағын барынша қызықты жүргізуге септігін тигізетін "Ағылшын тілін онлайн оқытуға арналған үздік тәсілдер жинағы" атты әдістемелік құрал жазып шықты.
⠀Әдістемелік құралдың негізгі мақсаты мұғалімдерді жаңашылдық пен ізденімпаздыққа бағыттау арқылы заманауи "онлайн мұғалім"  болуына ықпал ету болып табылады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: