Материалы за Наурыз 2021 года » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Құстар - көктем жаршысы"
31
наурыз
2021
"Құстар - көктем жаршысы"
N188 мектеп-гимназиясында 4 "Д" сыныбымен "Құстар - көктем жаршысы" тақырынба көктемгі іс-шара өткізілді. Іс-шара өткізілу барысында оқушылар өз қолдарымен жасалған аппликация, қолөнер жұмыстарымен таныстырды. Сынып жетекшісі: Сабденова Ж.А
"Мұражайдағы жанды сабақтар" атты  тәрбие сағаты
30
наурыз
2021
"Мұражайдағы жанды сабақтар" атты тәрбие сағаты
           Көктемгі іс-шара жоспары бойынша №188 мектеп-гимназия 7 Д сыныбында "Мұражайдағы жанды сабақтар" атты  тәрбие сағатын сынып жетекшісі Аукенова Құралай өткізді. Мұражайды "Жанды сабақта" білім көзі ретінде қолдану музей экпонаттарымен суреттелген нақты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.           Жанды сабақтар балаларды жаңа білімді алуға ынталандыруға ғана емес, сонымен қатар, сыныптан тыс уақытта мәдениеттің мағынасын игеру үшін тәжірибегеь бағытталған білім
«Жастар-жақсылыққа құмар» тақырыбында 10 "Б" сынып оқушылары игі істер жасап, үлкен кісілердің батасын алды
29
наурыз
2021
«Жастар-жақсылыққа құмар» тақырыбында 10 "Б" сынып оқушылары игі
   Көктемгі каникул кезінде оқушылардың сапалы және қауіпсіз демалысын ұйымдастыру мақсатында Наурызбай ауданы, №188 мектеп-гимназиясында «Жастар-жақсылыққа құмар» тақырыбында 10 "Б" сынып оқушылары игі істер жасап, үлкен кісілердің батасын алды. Іс-шара оқушылар арасында жалпыадамзаттық құндылықтарды түсіну мен тәжірибеге негізделген қоғамға қызмет ету, шынайы көшбасшылық дағдыларын дамытуға бағытталған. Сынып жетекшісі: Ж. Нусипова #188мектепгимназия  #наурызбайауданы ]
"Кино және мен" атты тәрбие сағаты
27
наурыз
2021
"Кино және мен" атты тәрбие сағаты
Кино оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің құралы болып табылады. Мектебімізде көктемгі өткізілетін іс-шара жоспары бойынша №188 мектеп-гимназиясында 6Ә сыныбында "Кино және мен" атты тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар балалар әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаевтың "Менің атым - Қожа" әңгімесі желісімен "Қазақфильм" киностудиясы түсірген фильмді тамашалады. Мақсаты: оқушы  бойында адамгершілік қасиеттерді, үлкендерге құрмет, кіршіксіз таза балалық сезім, сонымен қатар,  әдеби шығармалар оқуға
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ой-маржаны –кітап» тақырыбында  жаңа кітаптар көрмесі
27
наурыз
2021
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ой-маржаны –кітап» тақырыбында
        Кітап-адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді, дәл бір темір мен тастан қашалып жасалған ескерткіштердей, ғасырлар бойына сақталады. 26.03.2021 ж. №188 мектеп-гимназиясында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ой-маржаны –кітап» тақырыбында  жаңа кітаптар көрмесі онлайн ZOOM  платформасы арқылы көрсетілді. Кітапхана меңгерушісі оқушыларды демалыс уақытында пайдалы іспен айналысуға шақырып, кітап оқуға кеңес берді.       Мақсаты:
“Қазақтың ұлттық ойындары” тақырыбында интеллектуалды онлайн викторина
27
наурыз
2021
“Қазақтың ұлттық ойындары” тақырыбында интеллектуалды онлайн викторина
Мектебімізде көктемгі өткізілетін іс-шара жоспары бойынша #188 мектеп-гимназиясының 7 “Г” Шымырлық пен шеберлік күні “Қазақтың ұлттық ойындары” тақырыбында интеллектуалды онлайн викторина өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Дене тәрбиесі салауатты өмір салтын қалыптастыру, сонымен қатар қазақ халқының ұлттық, мәдени құндылықтарын сақтау,ұлттық ойындармен таныстыру, баланың бойына сіңіру. Іс-шараны сынып жетекшісі Сейдамат Раушан Абылқасымқызы өткізді.
6 «В» сынып оқушылары «Табиғатты аялайық» атты челлендж
27
наурыз
2021
6 «В» сынып оқушылары «Табиғатты аялайық» атты челлендж
       №188 мектеп-гимназиясында Көктемгі іс-шара аясында 27.03 күні 6 «В» сынып оқушылары «Табиғатты аялайық» атты челлендж өткізді.        Мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту.Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен
"Наурыз - тіршілік бастауы" атты интеллектуалды сабақ
26
наурыз
2021
"Наурыз - тіршілік бастауы" атты интеллектуалды сабақ
     Көктемгі өткізілетін іс-шара жоспары бойынша 9В сынып оқушыларымен "Наурыз - тіршілік бастауы" атты интеллектуалды сабақ өтті. Сабақтың мақсаты - жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды дарыта отырып, халықтық салт -дәстүрлермен таныстыру, білімдерін дамыту.     Сынып жетекшісі: Рысқұлбек Д. Ж
Тақырыбы: "Ұлттық тағамдар. Наурыз- қазақтың ұлттық мейрамы"
26
наурыз
2021
Тақырыбы: "Ұлттық тағамдар. Наурыз- қазақтың ұлттық мейрамы"
Тақырыбы: "Ұлттық тағамдар. Наурыз- қазақтың ұлттық мейрамы" 21 наурыз- "Ұлттық тағамдар күні"(Отбасылық тәрбие). Мектептегі отбасылық тәрбиенің мақсаты келесі құндылықтарды қалыптастыру болып табылады: неке құндылығы және отбасы мүшелерін құрметтеу; толыққанды отбасын құру үшін денсаулық құндылығы; рухани байлық; туыстары мен жақындарына деген адалдық сезімі; отбасылық дәстүрлер; мұралар мен салт-дәстүрлерді  ұқыпты қарау; ана қасиеті; махаббат, адалдық, достық сезімдері құндылығы. Бұл күн  әр
"Ата-ана көз қуанышым"
25
наурыз
2021
"Ата-ана көз қуанышым"
        Ата-ана – бізге өмір сыйлаған,отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі Қазақ отбасында ата -ананы қадірлеу керектігі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ.       №188 мектеп-гимназиясында көктемгі демалыс кезіндегі  іс-шара аясында  "Ата-ана көз қуанышым" тақырыбындағы 10 Ә сынып оқушылары өз ата-аналарын бір іспен қуантты. Сынып жетекшісі: Есимбаева М