13
наурыз
2023
9-11 сынып оқушыларымен «Психикалық белсенді заттарды қолданудың алдын алу тақырыбында әңгіме жүргізді
13.03.2023күні №188 мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ДТІЖО М.Кокымбаева мектеп инспекторы полиция аға лейтенанты Қаби Абылай Ғалымұлы бірлесе отырып 9-11 сынып оқушыларымен «Психикалық белсенді заттарды қолданудың алдын алу.(Меф,скорость,спайс,мефедрон т.б.) жасөспірім ағзасына зияндылығын, сонымен психикалық белсенді заттарды пайдаланғанда және оны таратқанда қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы түсіндіру» тақырыбында әңгіме жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға нашақорлықтың фазалары, есірткінің кең тараған түрлері (токсикомания, алкоголизм, шылым шегу – никотин, гашишты пайдалану, кендір майды қолдану, опиаттарды пайдалану (героин, морфин), коки өнімдерін (кокаин), жасанды препараттарды қолдану – ЛСД, экстази), есірткінің адам ағзасына қаншалықты зиян екені баяндалды.@edu.almaty
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@akimat_nauryzbai_audany
@kusainova.s.a
#188мектепгимназия