Ата-аналар назарына!!! » КГУ «Школа-гимназия №188» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№188 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 297-08-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 297-38-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
қаңтар
2022

Ата-аналар назарына!!!

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

Құрметті Алматы қаласы Наурызбай ауданы №188 мектеп-гимназия ата-аналары!

Қалыптасқан жағдайларға байланысты және Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің 13.01.2021 жылғы №1 Қаулысы негізінде Алматы қаласының мектептері қашықтан оқытуға көшеді.

Халық арасында короновирустық инфекцияның одан әрі таратуының алдын алу мақсатында Алматы «қызыл» қауіпті аймаққа өтті.

Қашықтық форматындағы сабақтар ата-аналардың қолдауы мен бақылауын талап етеді. Сондықтан баланың әдеттегі күнделікті режимін сақтау маңызды және қызығушылық таныту қажет.

Сіздерге күрделі мәселелеріңізді шешуге және қолдау көрсетуге мектеп әкімшілігі әрдайым дайын.

Оқу үдерісіндегі үшінші тоқсанның басталуы бойынша кез келген сұрақтарыңызды «№188 мектеп-гимназия» КММ-ң Call орталығына хабарласуға болады.

Мектеп директоры Мауленова Базаргүл Мухтарқызымен (87475731868) мектеп әкімшілігі сіздермен диалогқа әрқашан ашық.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: