20
қараша
2021
2021 жылдың 20 қазанында мектептің психологы Каипбай Айнұр Еркінқызы және Наурызбай АПБ ЖПҚБ УПИ полиция лейтенанты, мектеп инспекторы Тулеушов Самат Нагашбекович "Кибербуллинг қатері" тақырыбында 8-9 сынып оқушыларымен әңгіме өткізді.
2021 жылдың 20 қазанында мектептің психологы Каипбай Айнұр Еркінқызы және Наурызбай АПБ ЖПҚБ УПИ полиция лейтенанты, мектеп инспекторы Тулеушов Самат Нагашбекович "Кибербуллинг қатері" тақырыбында 8-9 сынып оқушыларымен әңгіме өткізді. Мақсаты-баланың күйзеліс жағдайы мен агрессия кезінде өзін-өзі ұстай білуіне көмектесу. Мектеп оқушылары арасында бір-бірінің ізіне түсудің алдын алу, айналадағы адамдарға құрмет пен толеранттық қатынастар көрсету. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушыларға қорлайтын сын сөздер мен ренішті хабарламалар, смс немесе электронды хаттар жазса, сені қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған суреттер таратса, әлеуметтік желілерде сенің атыңнан жалған аккаунттар құрып, онда ерсі фотосуреттерді орналастырса, әлеуметтік желіде сол адамды бұғатта немесе әлеуметтік желінің әкімшісіне сен туралы айтылған постқа шағым келтір (әдетте ол үшін репост батырмасын басу жеткілікті) ондай хабарламалар/посттарға жауап берме, әйтпсе жағдай ұшығуы мумкін екенін толықтай түсіндіріп өтті.